Близость слов: Окончание:





Бұқаралық ақпарат құралдары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі № 451-I Заңы
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкес олардың бостандығына мемлекеттік кепілдіктерді белгілейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 03.05.2001 жылғы № 181-II Заңымен
1-бап өзгертілді ҚР 10.01.2006 жылғы № 116 Заңымен (08.07.2005  ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 05.07.2006 жылғы № 156 Заңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 06.02.2009 жылғы № 123-IV Заңымен (05.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2009 жылғы № 178-IV Заңымен (06.02.2009 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 18.01.2012 жылғы № 546-IV Заңымен (12.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу - журналистi тағайындау рәсiмi және оның өкiлеттiгiн мемлекеттiк органның, қоғамдық бiрлестiктiң және ұйымның тануы;
2) бас редактор (редактор) – бұқаралық ақпарат құралының редакциясын басқаратын және оны шығару мен таратуға, эфирге шығаруға тиiсiнше өкiлеттiгi бар жеке тұлға;
3) бұқаралық ақпарат – тұлғалардың шектеусiз топтарына арналған баспа, дыбыс-бейне және өзге де хабарлары мен материалдары;
4) бұқаралық ақпарат құралы – мерзiмдi баспасөз басылымы, теле-, радиоарна, киноқұжаттама, дыбыс-бейне жазбасы және интернет-ресурстарды қоса алғанда, бұқаралық ақпаратты мерзiмдi немесе үздiксiз бұқаралық таратудың басқа да нысаны;
5) бұқаралық ақпарат құралының өнiмi – мерзiмдi баспасөз басылымының жеке нөмiрiнiң немесе дыбыс-бейне бағдарламасының таралымы немесе таралымының бiр бөлiгi, радио-, теле-, кинохроникалық бағдарламалардың жеке шығарылымы, интернет-ресурста орналастырылған ақпарат;
5-1) бұқаралық ақпарат құралдарының мониторингі – бұқаралық ақпарат құралдарының өнімін жинау және оны Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау тұрғысынан талдау процесі;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
6) бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы уәкiлеттi орган – бұқаралық ақпарат құралдары саласында мемлекеттiк реттеудi жүзеге асыратын мемлекеттiк орган (бұдан әрi - уәкiлеттi орган);
7) бұқаралық ақпарат құралының өнiмiн тарату – мерзiмдi баспасөз басылымдарын сату (жазылу, жеткiзу, үлестiру), радио-, телебағдарламаларды эфирге шығару, кинохроникалық бағдарламаларды көрсету және интернет-ресурстарда ақпаратты орналастыру;
8) бұқаралық ақпарат құралының редакциясы – бұқаралық ақпарат құралына материалдар жинауды, дайындауды және шығаруды жүзеге асыратын жеке тұлға не заңды тұлғаның құрылымдық бөлiмшесi болып табылатын шығармашылық ұжым;
8-1) желілік басылым – ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымы Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан, уәкілетті органда есепке қою рәсімінен өткен интернет-ресурс;
1-бап 8-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
9) журналист (бұқаралық ақпарат құралының өкiлi) – еңбек қатынастары немесе өзге де шарттық қатынастар негiзiнде бұқаралық ақпарат құралы үшiн хабарламалар мен материалдар жинау, оларды өңдеу және әзiрлеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыратын жеке тұлға;
10) кешен – бiр бiрiмен ортақ мақсаттарымен байланысты және бiрыңғай құрылым құрайтын ғимараттар жиынтығы;
10-1) қор – бұқаралық ақпарат құралдарын қолдауға және қазақстандық журналистердің кәсіби өсуіне ықпал етуге бағытталған жобаларды іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын, уәкілетті органның қарамағындағы заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшесі (бұдан әрі – Қор);
1-бап 10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 22.12.2016 жылғы № 28-VI Заңына сәйкес (29.03.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.12.2016 жылы № 249 (28977) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-1-тармақша өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 170-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10-2) мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырыс – мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін республикалық және жергілікті бюджеттердің қаражаты есебінен қызметтер көрсетуге арналған тапсырыс;
1-бап 10-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 394-VI Заңына сәйкес (өзгерту 11.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi