Аудиторлық қызмет туралы
Қазақстан Республикасы 1998 жылғы 20 қарашадағы N 304-I Заңы
Құжат мәтініндегі "оны кері қайтарып алу", "лицензиясы кері қайтарып алынған", "лицензиясын кері қайтарып алу", "кері қайтарып алуды", "оларды алқалы басқару органдарының шешімімен кері шақырып алу", "Лицензия кері қайтарып алынған", "лицензияны кері қайтарып алу" сөздері "одан айыру", "лицензиясынан айырылған", "лицензиясынан айыру", "лицензиясынан айыруды", "алқалы басқару органдарының шешімімен олардан айыру", "Лицензиядан айырылған", "лицензиядан айыру" сөздерімен ауыстырылды ҚР 12.01.2007 жылғы № 222 Заңымен (05.05.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заң Қазақстан Республикасында аудиторлық қызметтi жүзеге асыру процесiнде мемлекеттiк органдар, жеке және заңды тұлғалар, аудиторлар, аудиторлық ұйымдар, кәсiби аудиторлық ұйымдар және аудиторлық қызмет жөніндегі кәсіби кеңес арасында туындайтын қатынастарды реттейдi.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 03.07.2020 жылғы № 358-VI Заңына сәйкес (29.06.2020 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.07.2021 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 20.02.2009 жылғы № 138-IV Заңымен ( 19.02.2007 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
1-бап өзгертілді ҚР 12.11.2015 жылғы № 393-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 27.12.2017 жылғы № 126-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 6 (алты) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.12.2017 жылы № 249 (28628) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 02.07.2018 жылғы № 168-VІ Заңымен (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 13.05.2020 жылғы № 325-VІ Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 15.11.2020 жылдан бастап)
4) аудит – Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржылық есептiлiк және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат туралы тәуелсiз пiкiр бiлдiру мақсатында тексеру;
5) аудитор – Аудиторларға кандидаттарды аттестаттау жөніндегі біліктілік комиссиясы (бұдан әрі - Біліктілік комиссиясы) аттестаттаған, «аудитор» біліктілігін беру туралы біліктілік куәлігін алған жеке тұлға;
7) аудиторлық қызмет – осы Заңға сәйкес қаржылық есептіліктің және қаржылық есептілікке байланысты басқа да ақпарат аудитiн жүргiзу және көрсетілетін қызметтерді ұсыну жөнiндегi кәсiпкерлiк қызмет;
9) аудиттелетін субъект – өзіне қатысты аудит, салықтар бойынша аудит, өзге ақпарат аудиті жүргізілетін заңды тұлға, заңды тұлғаның атынан әрекет ететін оның филиалдары және (немесе) өкілдіктері, дара кәсіпкер;
10) Әдеп кодексі – аудиторлардың, аудиторлық және кәсіби ұйымдардың кәсіптік қызметінің Халықаралық бухгалтерлер федерациясы шығарған және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасында қолданылатын әдеп қағидалары жинағы;
11) дұрыс емес аудиторлық есеп – Қазақстан Республикасының аудиторлық қызмет туралы заңнамасын бұза отырып жасалған, қаржылық есептілік туралы және аудит стандарттарында көзделген ақпарат туралы дұрыс емес және (немесе) толық емес, пайдаланушыларды жаңылыстыратын мәліметтерді қамтитын аудиторлық есеп;
12) жер қойнауын пайдаланушының шығыстары туралы мәліметтер аудиті – жер қойнауын пайдаланушының пайдалы қазбаларды барлау және өндіру жөніндегі операцияға арналған шығыстарының аудиті;
12-1) кәсіби кеңестің сапаны сыртқы бақылау объектілері – бағалы қағаздары Қазақстан Республикасының аумағында жұмыс істейтін қор биржаларының ресми тізіміне енгізілген немесе енгізу жоспарланып отырған эмитенттерге, сондай-ақ қаржы ұйымдарына (қызметін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қолма-қол шетел валютасымен айырбастау операцияларына арналған лицензиясы негізінде тек қана айырбастау пункттері арқылы жүзеге асыратын заңды тұлғаларды және айрықша қызметі банкноттарды, монеталарды және құндылықтарды инкассациялау болып табылатын заңды тұлғаларды қоспағанда), ұлттық басқарушы холдингтерге, ұлттық холдингтерге, ұлттық компанияларға, жер қойнауын пайдаланушыларға (кең таралған пайдалы қазбаларды өндірушілерден басқа) аудит жүргізетін аудиторлық ұйымдар;
1-бап 12-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 03.07.2020 жылғы № 358-VI Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 06.07.2021 жылдан бастап)