Осы Заң өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру саласында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi және оны жүргiзудiң құқықтық, қаржылық және ұйымдық негiздерiн белгiлейдi.
Внимание! Документ утратил силу с 06.01.2020
Өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру туралы Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 10 наурыздағы N 533 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2020 жылғы 6 қаңтардан бастап ҚР 2019 жылғы 28 қазандағы № 268-VІ Заңына сәйкес
Редакция 01.01.2020 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 07.07.2006 жылғы № 179З аңымен (31.01.2006 ж. редакцияны қараңыз) 1-бап өзгертілді ҚР 07.05.2007 жылғы № 244 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент – жалғыз акционерi мемлекет болып табылатын, агроөнеркәсiптiк кешен саласындағы ұлттық басқарушы холдингтiң құрамына кiретiн, Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң шешiмi бойынша құрылған акционерлiк қоғам;
1-тармақша өзгертілді ҚР 17.01.2014 жылғы № 165-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 21.01.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 10.01.2018 жылғы № 134-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.01.2018 жылы № 8 (28637) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) егiстiң толық жойылуы – егiске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерiнiң салдары, өнiмдi одан әрi өсiруге және жинауға жұмсалатын шығындар өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiстен асып түсетін жағдай;
4) егістің ішінара жойылуы – егіске қолайсыз табиғат құбылыстары әсерінің салдары, бір гектардан өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндірудегі бағалау кірісі немесе іс жүзіндегі кіріс міндетті сақтандыру шартын жасасу кезінде белгіленген бір гектарға жұмсалатын өсімдік шаруашылығы өнімінің түрін өндіру шығындары нормативінің мөлшерінен кем болатын жағдай;
5) қолайсыз табиғат құбылысы – нәтижесінде өсiмдiк шаруашылығының өнiмi жойылған немесе бүлiнген табиғат құбылысы (ұзақ мерзiмдi – құрғақшылық, үсiп кету, жылудың жетiспеуi, топырақтың шамадан артық ылғалдануы, ауаның шамадан тыс ылғалдануы, су тасқыны, су тапшылығы, аңызақ; қысқа мерзiмдi – бұршақ соғу, нөсер жаңбыр, үсiк шалу, қатты жел, сел);
6) қолайсыз табиғат құбылысының фактісі бойынша зерттеп-қарау актісі (бұдан әрі – зерттеп-қарау актісі) – талаптары уәкілетті орган белгілеген нысан бойынша осы Заңда көзделген, егістің ішінара немесе толық жойылуы мен қолайсыз табиғат (құбылысының) құбылыстарының әсері арасындағы себеп-салдарлық байланысты растайтын құжат;
6-тармақша өзгертілді ҚР 29.09.2014 жылғы № 239-V Заңымен (03.07.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 02.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
7) өнiм алудан түсетiн болжамды кiрiс – өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi орган бекiткен егістің жойылған алаңдарын айқындау әдістемесіне сәйкес комиссия айқындайтын кiрiс;
8) өсiмдiк шаруашылығы – өсiмдiк шаруашылығы өнiмдерiн өндiрумен шұғылданатын ауыл шаруашылығы өнiмiн өндiрушiлердi – жеке және заңды тұлғаларды қамтитын ауыл шаруашылығы саласының өндiрiстер кешенi;
9) өсiмдiк шаруашылығындағы мiндеттi сақтандыру шарты (бұдан әрi – міндетті сақтандыру шарты) – осы Заңда белгiленетiн талаптар бойынша сақтандырушы мен сақтанушының арасында жасалатын шарт;
10) өсімдік шаруашылығындағы өзара сақтандыру қоғамы (бұдан әрі – қоғам) – өсімдік шаруашылығындағы міндетті сақтандыру саласында өз мүшелерінің мүліктік мүдделерін өзара сақтандыруды жүзеге асыру мақсатында тұтыну кооперативінің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға;
11) өсiмдiк шаруашылығының өнiмдерi – ауыл шаруашылығы дақылдарын (дәндi, майлы дақылдар, қант қызылшасы, мақта) өңдеу процесiнде алынған өнiм;
12) өсiмдiк шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi мемлекеттiк орган – өсiмдiк шаруашылығын дамыту саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының Үкiметi айқындайтын мемлекеттiк орган;
13) сақтандыру жағдайы – басталуына орай мiндеттi сақтандыру шарты сақтандыру төлемiн жүзеге асыруды көздейтiн оқиға;
13-1) сақтандыру омбудсманы – «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес сақтандыру нарығына қатысушылар арасындағы келіспеушіліктерді реттеуді жүзеге асыратын, өз қызметінде тәуелсіз жеке тұлға;
1-бап 13-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2018 жылғы № 166-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
14) сақтандыру сомасы – мiндеттi сақтандыру объектiсi сақтандырылған және сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтандырушы жауапкершiлiгiнiң шектi көлемiн бiлдiретiн ақша сомасы;
Полная версия