Близость слов: Окончание:





Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 30 наурыздағы № 353-І Заңы
Заңның тақырыбы өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Редакция 01.05.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
Заң кіріспемен толықтырылды ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңның тақырыбы және кіріспесі жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (05.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Бап алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап алынып тасталды ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 16.07.2001  жылғы № 244-ІІ Заңымен (16.07.2001 ж. редакцияны қараңыз)
2-бап өзгертілді ҚР 29.12.2010 жылғы № 375-IV Заңымен (11.12.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады :
1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі ;
1-тармақша өзгертілді ҚР 19.12.2020 жылғы № 385-VI Заңымен (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы , уақытша ұстау изоляторы , қабылдау - бөлу орны , арнаулы қабылдау орны ;
2-1) арнаулы үй-жай – әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында заңда белгіленген мерзімге жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқа мерзімге шектеуге арналған үй-жай;
2-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.07.2018 жылғы № 180-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.07.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам ;
4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам ;
5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй - жай ;
5-1) гауптвахта – əскери полиция органдарының жанынан жабдықталған, мынадай: əкімшілік қамаққа алынған;
2-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 14.03.2023 жылғы № 206-VІI ҚРЗ Заңына сәйкес (өзгерту 26.03.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған, сондай-ақ өздеріне қатысты бұл тартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қыл мыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған, сотталушы; қамаққа алуға сотталған;
бас бостандығынан айыруға сотталған əскери қызметшілерді – соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін жəне оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін қоғамнан заңды негізде уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы үй-жай;
6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу – ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде:
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.12.2020 жылғы № 385-VI Заңына сәйкес (16.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 31.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды;
заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытша оқшаулауды білдіретін, құқық бұзушылықтардың жеке профилактика шарасы;
7) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
7-тармақша алынып тасталды ҚР 18.04.2017 жылғы № 58-VI Заңымен (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 20.04.2017 жылы № 76 (28455) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi