Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 20.08.2024
Телерадио хабарларын тарату туралы
Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 18 қаңтардағы № 545-IV Заңы
Осы Заң 2024 жылғы 20 тамыздан бастап күшін жойды ҚР 19.06.2024 жылғы № 93-VIII Заңына сәйкес 
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң телерадио хабарларын тарату саласындағы қоғамдық қатынастарды, телерадио хабарларын тарату субъектілерінің құқықтары мен міндеттерін реттейді.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) абонент – телерадио хабарларын тарату қызметтерін алуға телерадио хабарларын тарату операторымен шарт жасасқан жеке немесе заңды тұлға;
1-1) балалар телебағдарламасы – 12 жасқа дейінгі балаларға арналған, осы жастағы топқа тән сюжеті бар телебағдарлама;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) білім беру телебағдарламасы – мазмұны телекөрерменді ғылымның, мәдениеттің, өндірістің, өнердің және әлеуметтік өмірдің қандай да бір саласында нақты білім жүйесінде оқытуға бағытталған, адамдардың көпшілік тобына арналған телебағдарлама;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғыларын таратушы – телерадио хабарларын тарату саласында лицензиясы бар және Қазақстан Республикасының аумағында өзінің спутниктік хабар тарату жүйелеріне ие, телерадио хабарларын тарату операторларының көрсетілетін қызметтеріне шартты қолжетімді карталарды, телерадио хабарларын тарату операторларының теле-, радиосигналын жеке-дара қабылдауға арналған жабдықты тарататын жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) дара спутниктік және эфирлік қабылдау құрылғысы – теле-, радиосигналды дара қабылдауға арналған жабдық (телевизиялық байланысты қабылдау аппаратурасы);
3) дыбыстық сүйемелдеудің көпарналы берілуі – абонентке көру кезінде тілдерді таңдауға мүмкіндік беретін, телебағдарламада екі және одан да көп дыбыстық сүйемелдеудің берілуі;
3-1) діни телебағдарлама – дін саласы мәселелері бойынша халықты ақпараттандыруға және олардың сауаттылығын арттыруға бағытталған телебағдарлама;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) еркін қолжетімді теле-, радиоарна – көру құқығы үшін ақы алынбай адамдардың шектеусіз тобы үшін цифрлық эфирлік және спутниктік телерадио хабарларын тарату арқылы таратылатын теле-, радиоарна;
5) көпарналы хабар тарату – теле-, радиоарналар топтамаларын таратуға арналған телекоммуникациялық жүйе;
5-1) мемлекеттік радиожиілік қызмет – Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша құрылған, шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорын;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
5-1-тармақша өзгертілді ҚР 25.06.2020 жылғы № 347-VI Заңымен (08.01.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 07.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) міндетті теле-, радиоарна – уәкілетті орган бекіткен тиісті тізбеге кіретін, Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында көпарналы хабар тарату арқылы таратылуға міндетті теле-, радиоарна;
6-тармақша өзгертілді ҚР 24.11.2015 жылғы № 419-V Заңымен (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
7) отандық теле-, радиоарна – Қазақстан Республикасының теле-, радиокомпаниялары кейіннен трансляциялау және (немесе) ретрансляциялау үшін хабар тарату кестесіне сәйкес қалыптастырған теле-, радиобағдарламалардың және дыбыс-бейне туындыларының, сюжеттер мен материалдардың жиынтығын білдіретін бұқаралық ақпарат құралы;
8) отандық теле-, радиобағдарламалар – Қазақстан Республикасының аумағында тіркелген және өз қызметін Қазақстан Республикасының аумағында және одан тысқары жерлерде жүзеге асыратын теле-, радиокомпаниялар немесе жеке және заңды тұлғалар жасаған теле-, радиобағдарламалар;
9) ретрансляция – телекоммуникациялардың техникалық құралдарын пайдалана отырып және телекоммуникация желілерінде теле-, радиобағдарламаларды, теле-, радиоарналарды қабылдау және сонымен бір мезгілде не жазып алып тарату;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (24.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi