Осы Заң Қазақстан Республикасы астанасының жұмыс істеуі саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейді, оның қызметінің құқықтық, экономикалық және ұйымдық негіздерін айқындайды.
Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі N 296-III Заңы
Редакция 22.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1-тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасының астанасы
1. Астана Қазақстан Республикасының Конституциясында айқындалған.
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.11.2022 жылғы № 157- VII ҚРЗ Заңына сәйкес (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Қазақстан Республикасының астанасы (бұдан әрі – астана):
2-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 2-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) мемлекеттің саяси және әкімшілік орталығы;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақорда" Резиденциясында сақталатын Қазақстан Республикасы Конституциясы мәтінінің түпнұсқасы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туы мен Мемлекеттік елтаңбасының эталондары орналасқан жер болып табылады.
3. Астанада Қазақстан Республикасы Президентінің "Ақорда" Резиденциясы, Қазақстан Республикасының Парламенті, Үкіметі, Жоғарғы Соты және өзге де орталық мемлекеттік органдары орналасқан.
Жекелеген орталық мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан Республикасының астанасынан тыс жерде орналасуы мүмкін.
2-бап. Астананың мәртебесі туралы заңнама
1. Астананың мәртебесі туралы заңнама Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта, осы Заңда көзделгеннен өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Астананың рәміздері
Астананың өз рәміздері: елтаңбасы, туы және гимні бар.
Рәміздердің сипаттамасын және оларды пайдалану тәртібін астананың мәслихаты айқындайды.
4-бап. Қаланың атақтары және ынталандырымдары
1. Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдіктерге және азаматтығы жоқ адамдарға астананың экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымы мен мәдениетін дамытудағы ерекше еңбегі үшін астана әкімінің ұсынуы бойынша мәслихат "Астана қаласының құрметті азаматы" атағын беруі мүмкін.
1-тармақ өзгертілді ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңымен (26.12.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 1-тармақ өзгертілді ҚР 05.11.2022 жылғы № 157-VII ҚРЗ Заңымен (27.12.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 18.11.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Астананың жергілікті өкілді органы (мәслихаты) мен жергілікті атқарушы органы (әкімдігі) ынталандырудың өзге де түрлерін белгілеуге және қолдануға құқылы.
Полная версия