Близость слов: Окончание:





"Назарбаев Университеті", "Назарбаев Зияткерлік мектептері" және "Назарбаев Қоры" мәртебесі туралы 
Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 19 қаңтардағы № 394-IV Заңы
Редакция 27.04.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң «Назарбаев Университетінің» (бұдан әрі – Университет), «Назарбаев Зияткерлік мектептерінің» (бұдан әрі – Зияткерлік мектептер) және «Назарбаев Қорының» (бұдан әрі – Қор) құқықтық мәртебесін және олардың құрылуы мен қызметінің айрықша құқықтық режимін айқындайды.
Кіріспеде орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермеді ҚР 11.07.2017 жылғы № 91-VI Заңына сәйкес
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.07.2023 жылғы № 15-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 21.07.2015 жылғы № 337-V Заңына сәйкес (26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) дербес білім беру ұйымы – Қазақстан Республикасының Үкіметі құратын, құқықтық мәртебесі және қызметінің айрықша құқықтық режимі осы Заңда айқындалатын, мүшелігі болмайтын коммерциялық емес ұйым;
2) Зияткерлік мектептер ұйымдары – Зияткерлік мектептер құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Зияткерлік мектептерге тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары;
3) «Назарбаев Университеті» білім беру гранты – осы Заңда белгіленген шарттарда тиісті білім беру деңгейі бойынша Университетте немесе дайындық бөлімінде білім алуға ақы төлеу үшін мемлекеттік білім беру тапсырысы шеңберінде білім алушыларға берілетін нысаналы ақша сомасы;
4) «Назарбаев Университеті» стипендиясы – «Назарбаев Университеті» білім беру гранты бойынша білім алушыға берілетін ақша сомасы;
5) сабақтан тыс қызмет – тізбесі тиісті қамқоршылық кеңестің шешімімен бекітілетін іс-шаралар түрінде жүзеге асырылатын, Университеттің, Зияткерлік мектептердің білім беру процесіне қатысушылардың білім алушыларды жан-жақты дамытуға және олардың жеке қабілеттерін іске асыруға бағытталған қызметі;
6) Университеттің инновациялық кластері (бұдан әрі – инновациялық кластер) – ғылыми-зерттеу жұмыстарын және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарды жүзеге асыру, технологиялар трансферті, жобаларды коммерцияландыру, жаңа немесе жетілдірілген технологиялар мен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) жасау және енгізу шеңберіндегі кооперацияның жоғары дәрежесі есебінен бір-бірінің бәсекелестік артықшылықтарын өзара толықтыратын және күшейтетін, Университет аумағында орналасқан ғылыми-зерттеу және инновациялық қызмет субъектілерінің және олармен өзара байланысты өзге де тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) берушілердің бірлестігі;
7) Университет ұйымдары – Университет құратын коммерциялық емес ұйымдар, дауыс беретін акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу және одан көп пайызы меншік немесе сенімгерлік басқару құқығымен Университетке тиесілі басқа да заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың еншілес ұйымдары.
2-бап. Қазақстан Республикасының Университет, Зияткерлік мектептер және Қор туралы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының Университет, Зияткерлік мектептер туралы және Қор туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Білім беру қызметін, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызметті реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасы Университетке, Зияткерлік мектептерге, олардың ұйымдарына және Қорға осы Заңмен реттелмеген бөлігінде қолданылады.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 21.07.2015 жылғы № 337-V Заңына сәйкес (26.12.2012 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 22.07.2015 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1. Университетте, Зияткерлік мектептерде қоғамдық бақылау «Қоғамдық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.
2-бап 2-1-тармақпен толықтырылды ҚР 02.10.2023 жылғы № 31-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 04.04.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
3-бап. Университет, Зияткерлік мектептер және Қор қызметінің қағидаттары
Университеттің, Зияткерлік мектептердің және Қордың қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:
Полная версия
ИС BestProfi