Осы Заң Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында немесе оның жекелеген жергілікті жерлерiнде төтенше жағдайды енгiзудiң және оның қолданылуының негiздерiн, мерзiмдерiн, тәртiбiн, әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін белгілейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 14.01.2006 жылғы №117 Заңына сәйкес (08.02.2003 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 26.05.2008 жылғы №34-IV Заңымен (15.05.2008ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-бап өзгертілді ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңымен (01.03.2011 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1) әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай – адам шығындарына, денсаулыққа зиян келтiруге, елеулi мүліктік шығындарға немесе тұрғындардың тiршілiк әрекетi жағдайының бұзылуына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан әлеуметтік қатынастар саласындағы белгілі бір аумақта қайшылықтар мен жанжалдардың туындауымен байланысты төтенше жағдай;
1-1) әлеуметтік-экономикалық саладағы дағдарыстық ахуал – елдің экономикалық қауіпсіздігіне қатер төнген және Қазақстан Республикасы Президентінің актілеріне сәйкес Қазақстан Республикасының салық, бюджет, кеден, банк, еңбек, валюта заңнамасының, Қазақстан Республикасының бәсекелестікті қорғау саласындағы, денсаулық сақтау саласындағы, мемлекеттік сатып алу туралы, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуы туралы, азаматтарды әлеуметтік қорғау салаларындағы, мемлекеттік мүлік туралы, мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнамасының қолданылу, елдің халықаралық міндеттемелерін іске асыру ерекшеліктері белгіленуі мүмкін ахуал;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту 23.07.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-2) дағдарыстық ахуал – адамның және азаматтың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын, қауіпсіздік пен құқық тәртібін қалпына келтіру үшін уақытша шектеулер қолдану, ал ерекше жағдайларда төтенше ахуал немесе төтенше жағдай режимін енгізу және осы Заңда көзделген негізгі және қосымша шараларды қолдану талап етілетін ахуал;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
2) жергiлiктi жердiң коменданты – Қазақстан Республикасының Президентi тағайындайтын, төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жердегi комендатураның қызметiне басшылық жасайтын және төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ететiн күштер мен құралдарды бiртұтас басқаруды жүзеге асыратын лауазымды адам;
3) жергiлiктi жердiң комендатурасы – төтенше жағдай енгiзiлген жергілікті жерде төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету үшiн Қазақстан Республикасының Президентi құратын уақытша арнаулы орган;
4) коменданттық сағат – арнайы берiлген рұқсаттамасыз және жеке басын куәландыратын құжаттарсыз көшелерде және өзге де қоғамдық орындарда не үйлерiнен тыс жерлерде жүруге тыйым салынатын тәулiк мезгiлi;
5) төтенше жағдай – азаматтардың қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мүдделерiнде ғана қолданылатын және азаматтардың, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен бостандықтарына, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтарына жекелеген шектеулер белгiлеуге жол беретiн және оларға қосымша мiндеттер жүктейтiн, мемлекеттiк органдар, ұйымдар қызметiнің ерекше құқықтық режимі болып табылатын уақытша шара;
7) Төтенше жағдай режимiн қамтамасыз ету жөнiндегi мемлекеттiк комиссия – төтенше жағдай енгiзу кезеңiне Қазақстан Республикасы Президентiнiң актiсiмен құрылатын арнаулы мемлекеттiк басқару органы.
Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерi төтенше жағдайды енгiзудiң құқықтық негiзi болып табылады.
Қазақстан Республикасының Президенті азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету және Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын қорғау мақсатында:
1) дағдарыстық ахуалды оқшаулау және жою кезінде орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, құқық қорғау органдарының және арнаулы мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірлескен іс-қимыл жасау тәртібін айқындайтын қағидаларды бекітеді;