Ocы Заң Қазақстан Республикасы iшкi iстер органдарының мәртебесiн, құрылымын, өкiлеттiктерiн және қызметiн ұйымдастыруды айқындайды.
Внимание! Документ утратил силу с 23.04.2014
Қазақстан Республикасының ішкi iстер органдары туралы Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заңы
Осы Заң күшін жойды 05.05.2014 жылдан бастап ҚР 23.04.2014 жылғы № 199-V Заңына сәйкес
Редакция 07.03.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1 Тарау. Жалпы ережелер
1-бап. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының мәртебесі
Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары (бұдан әрi – iшкi iстер органдары) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтауды, алдын ала тергеуді және жедел-iздестiру қызметiн, сондай-ақ қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi қамтамасыз ету, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандығына, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтардың алдын алу және жолын кесу жөнiндегі атқарушылық және өкiмдік функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттiк органдар болып табылады.
2-бап. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi
1. Iшкi iстер органдарының мiндеттерi:
1) қоғамдық тәртiптi сақтау және қоғамдық қауiпсiздiктi, соның iшiнде төтенше немесе соғыс жағдайы ахуалында қамтамасыз ету;
2) қылмыстар мен әкiмшiлiк құқық бұзушылықтардың алдын алу, анықтау, жолын кесу, қылмыстарды ашу және тергеу, сондай-ақ қылмыскерлерді іздестіру;
3) құқық бұзушылық профилактикасы;
4) заңнамада белгiленген өздерiнiң құзыретi шегiнде алдын ала тергеу, анықтау мен әкiмшiлiк iс жүргiзудi жүзеге асыру;
5) қылмыстық жазаларды және әкiмшiлiк жазалауларды орындау;
6) сотталған адамдарды қылмыстық-атқару жүйесiнің органдары мен мекемелерінде және әкімшілік жолмен қамауға алынғандарды ұстау орындарында заңдылықты, құқық тәртібін қамтамасыз ету және ұстау режимін сақтап тұру;
7) күдіктiлердiң, айыпталушылардың және сотталған адамдардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қылмыстық-атқару жүйесiндегi азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қамтамасыз ету;
8) сотталған адамдардың түзелуiн ұйымдастыру;
9) мемлекеттік және өзге объектілерді, жеке тұлғаларды күзету, қамауға алынған және сотталған адамдарды алып жүру, кепілге алынған адамдарды босатуға қатысу;
10) қажет болған жағдайларда мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарына өрт қауіпсіздігін қамтамасыз етуде жәрдем көрсету;
11) жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуді мемлекеттік бақылау;
12) есiрткi құралдарының, психотроптық заттардың, прекурсорлардың айналымын мемлекеттiк бақылау;
Полная версия