Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
Ойын бизнесі туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 219-III Заңы
Құжат мәтініндегі «ойын мекемесін ұйымдастырушы», «ойын мекемесін ұйымдастырушыға», «ойын мекемесін ұйымдастырушының», «ойын мекемелерін ұйымдастырушылардың» сөзедер «ойын бизнесін ұйымдастырушы», «ойын бизнесін ұйымдастырушыға», «ойын бизнесін ұйымдастырушының», «ойын бизнесін ұйымдастырушылардың» сөздермен ауыстырылды ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды 2015 жылғы 19 мамырдан бастап құжат мәтініндегі «ставка», «ставкалар», «ставкаларды», «ставкалардың», «ставкаларын» сөздері «мөлшерлеме», «мөлшерлемелер», «мөлшерлемелерді», «мөлшерлемелердің», «мөлшерлемелерін» сөздерімен ауыстырылады ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңы бойынша
Редакция 09.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кіріспе алынып тасталды ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңына сәйкес (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
1) аппараттық-бағдарламалық кешен – ақпараттық процестерді қамтамасыз ететін бағдарламалық және техникалық құралдардың жиынтығы;
1-тармақша өзгертілді ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңымен (29.12.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) бәс тігу - қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен ұтыс көзделіп, олар қатыспайтын оқиғаның нәтижесiне жасалған, тәуекелге негiзделген келiсiм;
2-1) бәс тігуді ұйымдастыруға және өткізуге арналған жабдық – бәс тігуді ұйымдастыру және өткізу үшін пайдаланылатын, бәс тігуге қатысушыларға нәтижесіне өздері мөлшерлемелер жасаған оқиғаның дамуы мен қорытындысын байқауға мүмкіндік беретін құрылғылар;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2) бенефициарлық меншік иесі – бұл:
1-бап 2-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 01.07.2022 жылғы № 131-VII Заңымен (өзгерту 03.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
заңды тұлғаны немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымды өзгеше түрде бақылауды жүзеге асыратын;
оның мүддесінде заңды тұлға немесе заңды тұлғаны құрмайтын шетелдік құрылым ақшамен және (немесе) өзге де мүлікпен операциялар жасайтын жеке тұлға;
3) букмекерлік кеңсе – қатысушылармен бәс тігу жасасатын ойын бизнесін ұйымдастырушы;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
заңды тұлғаның немесе заңды тұлға құрмайтын шетелдік құрылымның жарғылық капиталына қатысу үлестерінің не орналастырылған акцияларының (артықшылықты және қоғам сатып алған акциялары шегеріле отырып) жиырма бес пайызынан астамы тікелей немесе жанама түрде тиесілі;
3-1) бірыңғай есепке алу жүйесі – телекоммуникация желілері арқылы букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың аппараттық-бағдарламалық кешеніне қосылған және қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз төлемдерді, оның ішінде электрондық ақшаны пайдалана отырып қабылдауды (жүзеге асыруды), ұтыстарды төлеуді қамтамасыз ететін, сондай-ақ бәс тігуге әрбір қатысушы, бәс тігуге әрбір қатысушы бойынша бәс тігуге қабылданған мөлшерлемелер (оның ішінде электрондық), бәс тігу нәтижесінің нұсқаларына коэффициенттер, олар бойынша ұтыстар мен төлемдер туралы ақпаратты дербестендірілген жинауды, өңдеу мен сақтауды және осы Заңда көзделген өзге де функцияларды жүзеге асыратын бағдарламалық қамтылым мен техникалық құралдар жиынтығы;
1-бап 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) заңдастырылған белгілер – ойын бизнесін ұйымдастырушының қағидаларында айқындалған тәртіппен құмар ойындарға қатысу үшін қолма-қол ақшаны алмастыратын және ойын мекемелерінде пайдаланылатын белгілі бір номиналдағы фишкалар, жетондар және (немесе) электрондық жеткізгіштер;
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) интернет-казино – нақты уақыт режимінде Интернет желісі және (немесе) электрондық ақша арқылы құмар ойындарды ұйымдастыру мен өткізу мүмкіндігін іске асыратын және ұтыс алуды көздейтін интернет-ресурс;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 24.04.2015 жылғы № 310-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.04.2015 жылы № 78 (28556) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5) казино - құмар ойындарды ұйымдастыру және өткізу үшін ойын үстелдері пайдаланылатын ойын мекемесі;
6) казиноның немесе ойын автоматтары залының кассасы – ойын бизнесін ұйымдастырушы арнайы жабдықтаған, ақшамен операциялар, сондай-ақ заңдастырылған белгілерді беру және (немесе) қайтару жүзеге асырылатын ойын мекемесіндегі орын;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) құмар ойын – ұтысты көздейтін, қатысушылардың өз арасында не ойын бизнесін ұйымдастырушымен аталған адамдар қатысатын оқиға нәтижесіне жасалған, тәуекелге негізделген келісім;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (24.05.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7-1) құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысушы - құмар ойнына және (немесе) бәс тігуге қатысатын жеке тұлға;
1-бап 7-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 04.05.2009 жылғы № 157-ІV Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 08.05.2009 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
7-2) құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысуы шектелген адам – құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге салыну салдарынан сот әрекет қабілетін шектеген жеке тұлға, сондай-ақ құмар ойындарға және (немесе) бәс тігуге қатысудан өзін шектеген Қазақстан Республикасының азаматы;
1-бап 7-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 02.07.2020 жылғы № 356-VI Заңына сәйкес (өзгерту 14.07.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі) 7-2-тармақша өзгертілді ҚР 08.07.2024 жылғы № 116-VIII Заңымен (06.04.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия