Близость слов: Окончание:





Iшкi су көлiгi туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 6 шілдедегі № 574-II Заңы
Құжат мәтініндегі «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін», «кемелер мен оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелеріне», «кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерімен», «кемелерді және оларға құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерінде», «Кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу ережелерін» сөздер «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасына», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасын», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасында», «Кемені, оның ішінде шағын көлемді кемені және оған құқықтарды мемлекеттік тіркеу қағидасымен» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
Редакция 17.07.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң кеме қатынасын жүзеге асыру, жолаушыларды, багажды және жүктерді тасымалдау, шағын көлемді кемелерді пайдалану, оның ішінде ішкі су жолдары мен теңіз суларына жатпайтын су айдындарында пайдалану кезінде ішкі су көлiгi саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi, сондай-ақ олардың құқықтарын, мiндеттерi мен жауапкершiлiгiн айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 31.01.2006  жылғы № 125 Заңымен (06.07.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 28.12.2010  жылғы № 369-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 10.07.2012  жылғы № 36-V Заңымен (15.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) айлақ - кемелердiң қауiпсiз кiруiне арналған құрылғылары бар және кемелердiң қауiпсiз тоқтап тұруына, оларға жүк тиеуге, жүк түсiруге және қызмет көрсетуге, сондай-ақ жолаушыларды кемеге отырғызуға және кемеден түсiруге арналған гидротехникалық құрылыс;
2) арқандап байлау - кеменiң айлаққа, пирске немесе басқа кемеге жақындап келуi және кеменi осыларға бекiту жөнiндегi iс-қимылдар;
2-1) әлеуметтік мәні бар тасымалдаулар – халықтың тасымалдауларға сұранымын қанағатандыратын және жергілікті атқарушы органдар айқындайтын жолаушыларды тұрақты қатынаста ішкі су көлігімен тасымалдау;
3) дебаркадер - жолаушылар кемелерiн немесе жүк кемелерiн арқандап байлауға және оларға қызмет көрсетуге арналған жүзбелi айлақ;
4) диспаша - тасымалдауға қатысатын тараптар арасында жалпы авария бойынша бөлiнетiн шығындарының есебi;
5) диспашерлер - iшкi су көлiгi саласында бiлiмi мен тәжiрибесi бар, диспашаны айқындау жөнiндегi есептi жасайтын адамдар;
6) жағалау белдеуі – экологиялық талаптарды сақтай отырып, навигациялық белгілер мен жабдықтарды орнатуға арналған, жағалау сызығынан бастап ені жиырма метрге тең, су объектiлері жағалауы бойындағы құрлық белдеуі;
6-1) жалға алынған шетелдiк кемелер тiзiлiмi – осы Заңның  24-бабының 11-тармағында және 26-бабының 5-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келетін шетелдік кемелер тіркелетін құжат;
6-1-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды.
7) жол жұмыстары – iшкi су жолдарындағы су түбiн тереңдету, түзеп-жөндеу, тральдау, су түбiн тазарту, iздестiру жұмыстары және навигациялық құрал-жабдықтарды орналастыру мен күтiп ұстау жөнiндегi басқа да жұмыстар;
8) жолаушы – тасымалдаушымен шарттық қатынастарда тұрған және билетте немесе оның жол жүру құқығын растайтын өзге де құжатта көрсетiлген не жүк тасымалдау шарты бойынша тасымалдаушының келiсiмiмен автокөлiк құралын, жануарларды және өзге де жүктi алып жүруге оның құқығы расталған адам;
8-1) жолаушы куәлiгі – кемедегі жолаушылардың рұқсат етілген ең көп саны туралы мәлiметтерді қамтитын кеме құжаты;
8-2) жолаушылар кемесі – он екiден артық жолаушыны тасымалдауға арналған кеме;
9) жүзуге жарамдылығы туралы куәлiк - Кеме қатынасы тiркелiмiнiң ережелерiне сәйкес берiлетiн Кеме қатынасы тiркелiмiнiң негiзгi құжаттарының бiрi;
10) кеме – шағын көлемді кеме болып табылмайтын ішкі суларда жүзетін кеме, кеме қатынасы мақсатында пайдаланылатын өздігінен жүзетiн немесе өздігінен жүзбейтiн жүзбелi құрылғы, оның iшiнде «өзен-теңiзде» жүзетiн кеме, паром, техникалық флот кемесі (су түбiн тереңдетушi және су түбiн тазартушы снарядтар, жүзбелi кран және осы сияқты басқа да техникалық құрылғылар);
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 24.05.2018 жылғы № 156-VІ Заңына сәйкес (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.05.2018 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 19.04.2019 жылғы № 249-VІ Заңына сәйкес (05.10.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 04.05.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi