Адвокаттық қызмет туралы
Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 5 желтоқсандағы N 195 Заңы
Құжат мәтініндегі "адвокат лицензиясы", "адвокаттар лицензияларын", "адвокатты лицензиясынан", "адвокат лицензиясын" деген сөздер "адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясы", "адвокаттық қызметпен айналысуға лицензияларын", "адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясынан", "адвокаттық қызметпен айналысуға лицензиясын" деген сөздермен ауыстырылды ҚР 11.12.2009 жылғы № 230-IV Заңымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заң күшін жойды 2018 жылғы 22 шілдеден бастап ҚР 05.07.2018 жылғы № 176-VІ Заңына сәйкес
1. Қазақстан Республикасындағы адвокатура адамның өз құқықтарын, бостандықтарын сотта қорғауға және бiлiктi заң көмегiн алуға мемлекет кепiлдiк берген және Қазақстан Республикасының Конституциясымен баянды етiлген құқығын жүзеге асыруға жәрдемдесуге, сондай-ақ дауды бейбіт жолмен реттеуге жәрдемдесуге арналған.
1-тармақ өзгертілді ҚР 31.10.2015 жылғы № 378-V Заңымен (02.08.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
2. Адвокатура қылмыстық iстер бойынша қорғау, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша, сондай-ақ қылмыстық және азаматтық істер мен әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша өкілдік ету, сондай-ақ азаматтардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау мен iске асыруға жәрдемдесу мақсатында заң көмегiнiң өзге де түрлерiн көрсету жөнiндегi адвокаттардың қызметiн ұйымдастырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР 11.12.2009 жылғы № 230-IV Заңымен (28.08.2009 ж. редакцияны қараңыз)
3. Осы Заңда белгіленген тәртіппен, жеке тұлғалардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін, сондай-ақ заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және оларды іске асыруға жәрдемдесу мақсатында адвокаттар кәсіби негізде көрсететін білікті заң көмегі адвокаттық қызмет болып табылады.
1-бап 3-тармақпен толықтырылды ҚР 28.12.2011 жылғы № 523-IV Заңымен (19.03.2010 ж. редакцияны қараңыз) (алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1. Қазақстан Республикасының адвокаттық қызмет туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының адвокаттық қызметті реттейтін өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда жазылғаннан өзгеше ережелер көзделсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың істері бойынша қорғау мен өкілдік етуді жүзеге асырған кездегі адвокаттардың іс жүргізу құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленеді.
3) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, прокуратура, соттар, анықтау және алдын ала тергеу органдары, басқа мемлекеттiк органдар, өзге ұйымдар мен лауазымды адамдар тарапынан адвокаттардың қызметiне араласуға жол бермеу;