Близость слов: Окончание:





Жекелеген қару түрлерінің айналымына мемлекеттік бақылау жасау туралы
Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 30 желтоқсандағы № 339-I Заңы
Редакция 08.06.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасының аумағында азаматтық, қызметтік, жауынгерлік қол атыс қаруы мен суық қарудың айналымы кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейді және азаматтардың өмірі мен денсаулығын, меншікті қорғауға, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, қоршаған орта объектілерін, ресурстарды күзетуге, қылмысқа және қарудың заңсыз таратылуына қарсы күресте халықаралық ықпалдастықты дамытуға бағытталған.
Осы Заңның ережелері оқ-дәрінің (патрондардың) айналымына да қолданылады.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді  ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен ( 20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) атыс қаруы - оқ дәрi немесе өзге де заряд қуатының әсерi нәтижесiнде ұңғы оқпанынан оқты, снарядты, гранатаны ұшырып шығаратын қару;
1-1) атыс қаруынан жасалған массалық-габариттік макет – қарудың негізгі (құрамдас) бөліктерін қайтымсыз түрде конструкциясы жағынан қайта жасау арқылы оқ ату және бастапқы күйіне дейін қалпына келтіру, сондай-ақ оның негізгі (құрамдас) бөліктерінен атуға қабілетті атыс қаруын құрастыру мүмкін болмайтын күйге келтірілген жауынгерлік қол атыс қаруы, азаматтық, қызметтік атыс қаруы;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
2) белгi беру қаруы - дыбыс, жарық және түтiн белгiлерiн беру үшiн пайдаланылатын қару;
3) газды қару - қолданылуы көз жасын ағызатын немесе тiтiркендiргiш заттарды пайдалануға негiзделетiн қару;
4) криминалистикалық талаптар – азаматтық, қызметтiк қару мен оның патрондарына, сондай-ақ конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдарға қойылатын арнаулы техникалық талаптар (параметрлер, конструкциялық ерекшеліктер, таңбалау);
4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5) қару – конструкциясы жағынан тiрi немесе өзге де нысананы зақымдауға, сондай-ақ белгi беруге арналған құрылғылар мен заттар.
5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қарудың сыртқы түрін имитациялайтын және құрамында атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктері жоқ шаруашылық-тұрмыстық және өндірістік мақсаттағы бұйымдар, спорттық снарядтар, сондай-ақ үрлемелі қуаты 0,5-тен 3 Дж-ға дейінгі қару (бұдан әрі – конструкциясы жағынан қаруға ұқсас бұйымдар) қаруға жатпайды;
6) қару айналымы – қаруды, оның ішінде оның негізгі (құрамдас) бөліктері мен оның патрондарын өндiру, құрастыру, жөндеу, қайта жасау, өткiзу (сауда жасау), беру, сыйға тарту, марапаттап беру, мұраға қалдыру, иемденiп алу, коллекциялау, экспонаттау, есепке алу, сақтау, алып жүру, тасу, пайдалану, алып қою, жою, Қазақстан Республикасының аумағына әкелу, Қазақстан Республикасының аумағынан әкету және Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттеу;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (31.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 11.09.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) қаруды коллекциялау – Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған азаматтық және қызметтік қаруды жүйелі түрде жинау бойынша жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
6-2) қаруды конструкциялық жағынан қайта жасау – қарудың техникалық сипаттамаларының өзгеруіне алып келген, атыс қаруының, пневматикалық, белгі беретін, оқсыз атылатын, газды қарудың, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды қару мен лақтырылатын атыс қаруының негізгі (құрамдас) бөліктерінің пішінін және (немесе) өлшемдерін ауыстыру немесе өзгерту;
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
6-3) қарудың негізгі (құрамдас) бөліктері – атыс, газды, жарақат салатын патрондармен ату мүмкіндігі бар газды, пневматикалық, белгi беретін, оқсыз атылатын қарудың ұңғысы, барабаны, бекітпесі, жақтауы, ұңғы қорапшасы;
1-бап 6-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
6-4) қаруды экспонаттау – Қазақстан Республикасының аумағында айналымына тыйым салынбаған өздеріне тиесілі азаматтық және қызметтік қаруды және (немесе) оның патрондарын не өзге де заңды иелеріне тиесілі қаруды және (немесе) оның патрондарын демонстрациялау жөніндегі жеке және заңды тұлғалардың лицензияланатын қызметі (коммерциялық емес не коммерциялық көрме-сату немесе аукцион);
1-бап 6-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2022 жылғы № 136-VII Заңына сәйкес (өзгерту қолданысқа енгізіледі 11.09.2022 жылдан бастап)
7) қару жасап шығарушы – қаруды әзірлеуге, өндіруге, жөндеуге, сатуға лицензиясы бар ұйым;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 29.03.2016 жылғы № 479-V Заңына сәйкес (07.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.03.2016 жылы № 60 (28788) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия
ИС BestProfi