Близость слов: Окончание:





Электр энергетикасы туралы
Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі № 588-II Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.12.2024 ж., 01.01.2025 ж., 01.07.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 18.09.2024 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң электр энергиясын өндiру, беру және тұтыну процесiнде туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Кіріспе өзгертілді ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңымен (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 11.04.2006 жылғы № 136 Заңымен (31.01.2006  ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (05.07.2006  ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 27.07.2007 жылғы №  316  Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 01.03.2011 жылғы № 414-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2012 жылғы № 25-V  Заңымен (22.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) авариялық бронь - адамдардың өміріне, денсаулығына және қоршаған ортаға олардың қауіпсіз жай-күйін, сондай-ақ кезекші және күзет жарығы, күзет және өрт дабылдары, өрт сөндіру сорғылары, сутөкпелер, негізгі технологиялық жабдықты салқындату, байланыс және авариялық желдеткіш жүйелері ток қабылдағыштарының жұмыс істеуін қамтамасыз ететін технологиялық процесі толық тоқтатылған тұтынушы объектілерінің электр энергиясының ең аз шығысы (ең аз тұтыну қуаты);
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (28.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) авариялық бұзылыс - электр қондырғысы немесе оның элементтері жұмысының технологиялық параметрлерінің олардың істен шығуын немесе пайдалану кезінде зақымдануын туындатқан, жол беруге болмайтын ауытқулары;
2-1) «Авария» режимі – Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің немесе оның жекелеген бөліктерінің орнықты жұмысын сақтау үшін жүйелік оператор енгізетін шара;
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 394-V Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-2) әзірлік паспорты – энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлігін растайтын, жыл сайын берілетін құжат;
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 394-V Заңына сәйкес (31.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-3) бірыңғай сатып алушы – осы Заңда көзделген тәртіппен электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті орталықтандырылған сатып алуды және электр қуатының жүктеме көтеруге әзірлігін қамтамасыз ету бойынша орталықтандырылған қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, уәкілетті орган айқындайтын заңды тұлға;
1-бап 2-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 12.11.2015 жылғы № 394-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 17.11.2015 жылы № 220 (28698) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды,
2-3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-4) генерациялайтын қондырғы – электр энергиясын өндіретін құрылғы;
1-бап 2-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 11.07.2017 жылғы № 89-VI Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.07.2017 жылы № 132 (28511) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (09.11.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-4-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-5) генерацияның маневрлік режимі бар генерациялайтын қондырғы – реттеуші электр қуаты бар генерациялайтын қондырғы;
1-бап 2-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-5-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-6) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттық) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы аукцион негізінде электрондық жүйеде ұйымдастыратын және өткізетін, генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу жөніндегі жобаларды іріктеуге және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке олардың жеке тарифтерін айқындауға бағытталған процесс;
1-бап 2-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-7) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттыққа қатысушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттыққа қатысушы) – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушының электрондық жүйесінде тіркеуден өткен және қатысушы мәртебесін алған заңды тұлға;
1-бап 2-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-8) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы (бұдан әрі – аукциондық сауда-саттықты ұйымдастырушы) – уәкілетті орган айқындайтын, осы Заңда көзделген тәртіппен аукциондық сауда-саттықты ұйымдастыру мен өткізуді жүзеге асыратын, акцияларының (жарғылық капиталға қатысу үлестерінің) елу пайызынан астамы мемлекетке және онымен үлестес тұлғаларға тиесілі заңды тұлға;
1-бап 2-8-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-9) генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салу кезінде электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке арналған жеке тариф – аукциондық сауда-саттықтың қорытындылары бойынша айқындалған тариф;
1-бап 2-9-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-10) генерация-тұтынудың жоспарлы сальдосы – электр энергиясын өндіру-тұтынудың сағаттық тәуліктік графигінде жүйелік оператор бекіткен, электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтыну (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;
1-бап 2-10-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-10-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 08.07.2024 жылғы № 121-VIII Заңына сәйкес (19.06.2024 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.09.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-11) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 2-11-тармақшамен толықтырылды ҚР 07.12.2020 жылғы № 380-VI Заңына сәйкес (өзгерту 19.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-11-тармақша алынып тасталды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (06.02.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-12) генерация-тұтынудың нақты сальдосы – электр энергиясының теңгерімдеуші нарығы субъектісінің электр энергиясын өндіру мен тұтынудың (операциялық тәуліктердің бір сағаты үшін) нақты мәндерінің кВт. сағаттағы айырмасы;
1-бап 2-12-тармақшамен толықтырылды ҚР 19.04.2023 № 223-VII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2023 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Полная версия
ИС BestProfi