Осы Заң қаржы полициясы органдарының құқықтық мәртебесiн, мiндеттерiн, ұйымдастырылу және қызмет ету принциптерiн, өкiлеттiгiн, сондай-ақ Қазақстан Республикасы қаржы полициясы органдарының жүйесiн айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап. Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары
1-бап өзгертілді ҚР 08.07.2005 жылғы № 76 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 13.02.2012 жылғы № 553-IV Заңымен (05.07.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасының қаржы полициясы органдары (бұдан әрi – қаржы полициясы органдары) заңда белгiленген өкiлеттiктерi шегiнде жедел-iздестiру қызметiн, алдын ала тергеу және анықтау, әкiмшiлiк iс жүргiзуарқылы экономикалық және қаржылық қызмет, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес саласында адам мен азаматтың құқықтарына, қоғам мен мемлекет мүдделерiне қылмыстық және өзге де заңсыз қол сұғушылықтың алдын алуға, оны анықтауға, жолын кесуге, ашуға және тергеуге бағытталған қызметтi жүзеге асыратын құқық қорғау органы болып табылады.
1) өкiлеттiгi шегiнде мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн, кәсiпкерлiк қызмет субъектiлерiнiң, қоғам мен мемлекеттiң заңды құқықтары мен мүдделерiн қамтамасыз ету;
Қаржы полициясы органдары қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы, осы Заң және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiкқұқықтық актiлерi құрайды.
Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзге ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап 2-бөлікпен толықтырылды ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
Қаржы полициясы органдарының қызметi заңдылық, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарын, қадiр-қасиетiн құрметтеу және сақтау, қаржы полициясы органдары жүйесiнiң бiрлiгi, жұмыстың жария және жасырын нысандарын ұштастыру және дара баршылық, құқық қорғау және басқа мемлекеттiк органдармен, лауазымды адамдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара iс-қимыл жасау принциптерiнде жүзеге асырылады.