Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары туралы
Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2710 Заңы
Тақырып өзгертілді ҚР 21.03.2002 жылғы № 309-II Заңымен (10.10.2001 ж. редакцияны қараңыз)
Құжат мәтініндегі «жауынгерлiк техниканы», «жауынгерлiк техника», «жауынгерлiк техниканың», «жауынгерлік және басқа да техниканы», «жауынгерлік техникасын» сөздері «әскери техниканы», «әскери техника», «әскери техниканың», «әскери және өзге де техниканы», «әскери техникасын» сөздерімен ауыстырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (28.12.2018 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап. Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары
1-бап өзгертілді ҚР 21.03.2002 жылғы № 309-II Заңымен ( 10.10.2001 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап жаңа редакцияда жазылды ҚР 23.12.2023 жылғы № 51-VIII Заңына сәйкес (14.03.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 05.01.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Қазақстан Республикасының ұлттық қауiпсiздiк органдары (бұдан әрi – ұлттық қауiпсiздiк органдары) – Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн, Қазақстан Республикасының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жүйесiнiң құрамдас бөлiгi болып табылатын арнаулы мемлекеттiк органдар, олардың қызметінің мақсаттары мыналар болып табылады:
1) жеке адамның және қоғамның қауiпсiздiгiн, елдiң конституциялық құрылысын, мемлекеттiк егемендiгiн, аумақтық тұтастығын, экономикалық, ғылыми-техникалық және қорғаныс әлеуетiн қорғауды қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасын, Қазақстан Республикасының Парламентін, Қазақстан Республикасының Үкіметін және басқа да мемлекеттік органдар мен ұйымдарды шешімдер қабылдау үшін барлау ақпаратымен қамтамасыз ету мақсатында барлау қызметін жүзеге асыру және үйлестіру, сондай-ақ мемлекет басшылығының саяси, қаржылық-экономикалық, әскери-саяси, ғылыми-техникалық, гуманитарлық, экологиялық және Қазақстанның ұлттық мүдделерін қозғайтын өзге де салалардағы саясатын іске асыруға жәрдемдесу.
1) астыртын әрекет ету – құпия ақпарат көздерін жедел шифрлау және оларға қолжетімділікті жабу арқылы қарсы барлау, барлау күштерін, құралдарын, іс-қимылдарын, жоспарлары мен ниеттерін жасыру, қадағалаудың ерекше тәртібін белгілеу;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.12.2019 жылғы № 291-VІ Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 10.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-тармақша алынып тасталды ҚР 28.12.2016 жылғы № 36-VI Заңымен (22.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2 (екі) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2016 жылы № 253 (28981) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) техникалық барлауға қарсы іс-қимыл – мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтердің техникалық арналар бойынша таралып кетуін, бағдарламалық және аппараттық-бағдарламалық құралдарды қоса алғанда, оларға техникалық құралдармен әдейі әсер етуді болғызбауға бағытталған ақпараттық қауіпсіздік саласындағы қызмет;
1-1-бап 3-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4) ұлттық қауіпсіздік органдарының Қазақстан Республикасының шет елдердегi мекемелеріндегі ресми өкілі, оның көмекшілері – ұлттық қауіпсіздік органдарының штатында тұратын және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді орындау үшін Қазақстан Республикасының шет елдердегі мекемелеріне жіберілген қызметкерлер, әскери қызметшілер.
1-бап 4-тармақшамен толықтырылды ҚР 18.03.2019 жылғы № 237-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 10.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 28.12.2016 жылғы № 36-VI Заңына сәйкес (22.12.2016 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 2 (екі) ай өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 31.12.2016 жылы № 253 (28981) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-1) мемлекеттік құпияларды құрайтын мәліметтерге қатысты техникалық барлауға қарсы іс-қимыл жөніндегі қызметті үйлестіру және жүзеге асыру;
1-тармақ 3-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 28.12.2017 жылғы № 128-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.12.2017 жылы № 250 (28629) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды