Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының екiншi деңгейдегі банктерiнде орналастырылған депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы
Қазақстан Республикасының 2006 жылғы 7 шілдедегі N 169 Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (өзгерту 01.07.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 19.03.2026 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң депозитор жеке тұлғалардың, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектілерінің, жекеше нотариустардың, жеке сот орындаушыларының, адвокаттардың және кәсіби медиаторлардың құқықтарын қорғауға бағытталған және исламдық банк депозиттерін және исламдық банк операцияларының шеңберінде тартылған банктік шоттардағы ақшаны қоспағанда, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктерінің филиалдарында) орналастырылған депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің жұмыс істеуінің құқықтық негіздерін, сондай-ақ депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның құрылу және қызмет ету, Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінің (Қазақстан Республикасының бейрезидент банктері филиалдарының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қатысу тәртібін және жүйеге қатысушылардың өзара қарым-қатынастарының өзге де мәселелерін айқындайды.
Кіріспе өзгертілді ҚР 12.02.2009 жылғы №133-IV Заңымен (23.10.2008 ж. редакцияны қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе өзгертілді ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Бұйрығымен (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңына сәйкес (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:
1) агент банк - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесiнiң қатысушысы болып табылатын және депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйыммен жасалған келiсiмнiң негiзiнде депозиторларға кепiлдiк берiлген өтем төлеу жөнiндегi рәсiмдердi орындайтын банк;
2-1) депозитор – қатысушы банкпен банктік шот және (немесе) банктік салым шартын жасасқан не пайдасына салым енгізілген жеке тұлға, оның ішінде дара кәсіпкерлік субъектісі, жекеше нотариус, жеке сот орындаушысы, адвокат және кәсіби медиатор;
1-бап 2-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Бұйрығына сәйкес (өзгерту 04.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
3) депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру жүйесi - осы Заңда көзделген, қатысушы банктер депозиторларының құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауға бағытталған ұйымдық-құқықтық шаралар кешенi;
4) жарналар - депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйымға қатысушы банктердiң осы Заңның талаптарына сәйкес төлейтiн төлемдерi;
5) кепiлдiк берiлген депозит - осы Заңға сәйкес депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру объектiсi болып табылатын депозит;
6) кепiлдiк берiлген өтем - осы Заңның 18-бабында айқындалған мөлшерде және тәртіппен депозиттерге мiндеттi кепiлдiк берудi жүзеге асыратын ұйым кепiлдiк берiлген депозит бойынша депозиторға төлейтiн ақша сомасы;
6-тармақша өзгертілді ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1) кепілді өтем төлемдерінің электрондық порталы (бұдан әрі – төлемдердің электрондық порталы) – депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйымның қатысушы банк операциялардың барлық түрін жүзеге асыруға арналған банк лицензиясынан айырылған күнге жасалған кепілдік берілген депозиттер бойынша кепілді өтемнің есеп-қисабы бар депозиторлар тізілімін (бұдан әрі – депозиторлар тізілімі) қамтитын және кепілді өтемді төлеуге өтініштер қабылдауға, сондай-ақ кепілді өтемді төлеудің автоматтандырылған есебін жүргізуге арналған, ақпараттық жүйесі;
1-бап 6-1-тармақшамен толықтырылады ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-1-тармақша өзгертілді ҚР 16.01.2026 жылғы № 259-VIII Заңымен (30.06.2025 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 19.03.2026 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6-2) кепілді өтемнің талап етілмеген сомасы – кепілді өтемді төлеу басталған күннен бастап бір жыл ішінде депозитор талап етпеген кепілді өтем сомасы;
1-бап 6-2-тармақшамен толықтырылады ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (өзгерту 01.05.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) қатысушы банк – депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесінің қатысушысы болып табылатын, тартылған депозиттерін қайтару жөніндегі міндеттемелеріне осы Заңға сәйкес кепілдік берілетін банк (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкінің филиалы);
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
8-тармақша алынып тасталды ҚР 22.11.2024 жылғы № 138-VIII Бұйрығына сәйкес (20.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 04.12.2024 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) қосылу шарты – банктің (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банкі филиалының) депозиттерге міндетті кепілдік беру жүйесіне қосылу шарты, оның талаптарын депозиттерге міндетті кепілдік беруді жүзеге асыратын ұйым айқындайды және олар жүйеге кіретін барлық банктер (Қазақстан Республикасы бейрезидент-банктерінің филиалдары) үшін стандартты болып табылады;
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 02.01.2021 жылғы № 399- VI Заңына сәйкес (03.07.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 16.12.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
10) уәкілетті орган – қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын мемлекеттік реттеуді, бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган.
10-тармақша өзгертілді ҚР 03.07.2019 жылғы № 262-VІ Заңымен (02.07.2018 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 01.01.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2-бап. Қазақстан Республикасының депозиттерге мiндеттi кепiлдiк беру туралы заңнамасы
Полная версия
ИС BestProfi