Осы Заң халықтың денсаулығын иондаушы сәулелендiрудiң зиянды әсерiнен қорғау мақсатында оның радиациялық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.
Құжат мәтініндегі «өкiлеттi», «өкiлеттiгiне», «Өкiлеттi», деген сөздер «уәкiлеттi», «уәкілетігіне», «Уәкілетті» деген сөздермен ауыстырылды ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006 жылғы № 209 Заңымен (20.12.2004 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізілуі тиіс)
1-бап өзгертілді ҚР 10.01.2011 жылғы № 383-IV Заңымен (06.01.2011 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 12.01.2016 жылғы № 443-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 14.01.2016 жылы № 7 (28739) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап өзгертілді ҚР 25.02.2021 жылғы № 12-VII Заңымен (14.05.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 09.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
араласу деңгейi - жол берiлмейтiн мөлшердiң шамасы, оған жеткен кезде, созылмалы немесе авариялық сәуле алу жағдайы туындаған реттерде қорғау немесе авариядан кейiнгi шаралар қолданылады;
әсерлi мөлшер - адам организмi мен оның жекелеген органдарының радиациялық сезiмталдығын ескере отырып, олардың сәуле алуының кейiндегi зардаптарының пайда болу қатерiнiң шамасы ретiнде пайдаланылатын иондаушы сәулелендiрудiң сiңiрiлген энергиясының шамасы;
иондаушы сәулелендiру - ортамен өзара әрекет кезiнде түрлi белгiлердегi иондар түзетiн, зарядталған, зарядталмаған бөлшектер мен фотондардан тұратын сәулелендiру;
персонал – иондандырушы сәулелену көздерімен тұрақты немесе уақытша жұмыс істейтін немесе еңбек жағдайлары бойынша олардың әсер ету аясында болатын жеке тұлғалар;
радиациялық авария - атом энергиясын қолдану объектiсiн қауiпсiз пайдалану шегiнiң бұзылып, бұл орайда адамдардың немесе қоршаған ортаның белгiленген нормалардан жоғары радиоактивтi ластануына әкеп соғуы мүмкiн немесе әкеп соққан радиоактивтi өнiмдердiң және (немесе) иондаушы сәулелендiрудiң қалыпты пайдалану жобасында көзделген шектен асып кетуi;
радиациялық қауіпсіздік – Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормаларға сәйкес персоналға, халыққа және қоршаған ортаға радиациялық әсерді шектейтін іс-шаралар кешенімен қамтамасыз етілген, атом энергиясы пайдаланылатын объектінің қасиеттері мен сипаттамаларының жай-күйі;
радиациялық қорғаныш - радиациялық қауiпсiздiктi қамтамасыз етуге бағытталған радиациялық-гигиеналық, жобалау-конструкторлық, техникалық және ұйымдық шаралар жиынтығы;
радиациялық мониторинг - иондаушы сәулелендiру көздерiн пайдаланатын объектiлерде де, қоршаған ортада да радиациялық жағдайдың жай-күйiн жүйелi түрде байқап отыру;
табиғи радиациялық ая - ғарыш сәулесi және жерде, суда, ауада, биосфераның басқа элементтерiнде, тамақ өнiмдерi мен адам организмiнде өздiгiнен бөлiнген табиғи радионуклидтердiң сәулесi шығаратын сәулелендiру мөлшерi;
техногендiк радиациялық фон - сол жердiң табиғи радиациялық фонын сипаттайтын осындай көрсеткiштердiң деңгейлерiн шегерiп тастағандағы радиациялық жағдайды сипаттайтын көрсеткiштер деңгейi.