Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы
Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 30 мамырдағы № 54-III Заңы
Осы Заңға өзгеріс енгізу қарастырады - ҚР 23.02.2021 № 11-VII Заңына сәйкес
Редакция 22.01.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Кіріспе алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
Кіріспе өзгертілді ҚР 13.03.2021 жылғы № 18-VII Заңымен (12.03.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 27.03.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Кіріспе алынып тасталды ҚР 10.01.2025 жылғы № 154-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 15.07.2010 жылғы № 335-IV Заңымен (28.02.2007ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 23.07.2010 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) дәйектеу – халықаралық шарт мәтінінің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде қолданылатын, халықаралық шарт жобасының келісілген мәтінінде келіссөздерге қатысушы әрбір тараптың өкілетті өкілдерінің аты-жөндерін әр параққа қою;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 14.02.2022 жылғы № 107- VII Бұйрығы​на сәйкес (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) депозитарий – халықаралық шарттың түпнұсқасы сақталуға тапсырылатын және осы халықаралық шартқа қатысты халықаралық құқық нормаларында көзделген функцияларды орындайтын мемлекет, халықаралық ұйым немесе оның басты атқарушы лауазымды адамы;
3) ескертпе – көпжақты халықаралық шартқа қол қою, оны ратификациялау, бекіту, қабылдау немесе оған қосылу кезінде мемлекет немесе халықаралық ұйым кез келген тұжырыммен және кез келген атаумен біржақты жасаған мәлімдеме, бұл мәлімдеме арқылы осы мемлекет немесе осы халықаралық ұйым халықаралық шарттың белгілі бір ережелерінің заңдық күшін олардың аталған мемлекетке немесе аталған халықаралық ұйымға қолданылуына қатысты жоюды немесе өзгертуді қалайды;
4) келіссөздерге қатысушы тарап – халықаралық шарт мәтінін жасауға немесе қабылдауға қатысқан мемлекет немесе халықаралық ұйым;
5) күшін жою – Қазақстан Республикасының өзі жасасқан халықаралық шарттан тиісінше ресімдеп бас тартуы және Қазақстан Республикасы халықаралық шартының қолданылуын тоқтату тәсілдерінің бірі;
5-1) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 30.01.2014 жылғы № 168-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 04.02.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
5-1-тармақша алынып тасталды ҚР 10.01.2025 жылғы № 154-VIII Заңына сәйкес (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) Қазақстан Республикасының халықаралық шарты – Қазақстан Республикасы шет мемлекетпен (шет мемлекеттермен) немесе халықаралық ұйыммен (халықаралық ұйымдармен) жазбаша нысанда жасасқан және мұндай келісімнің бір құжатта немесе өзара байланысты бірнеше құжаттарда (оның ішінде ноталар немесе хаттар алмасу нысанында) екендігіне қарамастан, сондай-ақ оның нақты атауына қарамастан халықаралық құқықпен реттелетін халықаралық келісім;
6-тармақша өзгертілді ҚР 10.01.2025 жылғы № 154-VIII Заңымен (19.04.2023 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 22.01.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының мемлекеттік тізілімі – халықаралық шарттардың түпнұсқалары мен депозитарий ресми куәландырған көшірмелерін, олардың деректемелерін және Сыртқы істер министрлігі айқындайтын олар туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы басқа да мәліметтерді қамтитын Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын тіркеудің, есепке алудың және сақтаудың бірыңғай мемлекеттік жүйесі;
8) қол қою – мәтіннің теңтүпнұсқалығын анықтау тәсілдерінің бірі ретінде халықаралық шартты жасасу сатысы немесе егер халықаралық шартта қол қоюдың осындай күші бар екендігі көзделген немесе Қазақстан Республикасы мен келіссөздерге қатысушы басқа да тараптардың қол қоюдың осындай күшке ие болуға тиіс екендігі туралы уағдаластығы өзге де жолмен белгіленген немесе Қазақстан Республикасының қол қоюға осындай күш беру ниеті оның өкілінің өкілеттігінен туындаған және (немесе) келіссөздер кезінде білдірілген жағдайда, халықаралық шарттың өзі үшін міндеттілігіне Қазақстан Республикасының келісім білдіру тәсілі;
8-тармақша өзгертілді ҚР 14.02.2022 жылғы № 107- VII Заңы​мен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) мемлекетішілік рәсімдер – халықаралық шартты Қазақстан Республикасы Парламентінің ратификациялауы, Қазақстан Республикасы Президентінің не Қазақстан Республикасы Үкіметінің бекітуі немесе қабылдауы;
10) өкілеттік –
10-тармақша өзгертілді ҚР 14.02.2022 жылғы № 107- VII Заңы​мен (30.12.2021 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 26.02.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
халықаралық шарттың мәтінін қабылдау немесе оның тең түпнұсқалығын белгілеу;
Қазақстан Республикасының өзі үшін халықаралық шарттың міндеттілігіне келісімін білдіру;
Полная версия
ИС BestProfi