Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 03.07.2014
Дене шынықтыру және спорт туралы
Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 2 желтоқсандағы N 490 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2014 жылғы 20 шілдеден бастап ҚР 03.07.2014 жылғы № 228-V Заңына сәйкес
Редакция 13.01.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң дене шынықтыру және спорт саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi, бұқаралық дене шынықтыру, әуесқойлық және кәсiпқойлық спорт қызметiн қамтамасыз етудiң және оларды дамытудың құқықтық, ұйымдық, экономикалық және әлеуметтiк негiздерiн белгiлейдi.
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап өзгертілді  ҚР 10.07.2009  жылғы № 181-IV Заңымен (27.07.2007  ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) Арнайы олимпиада - мүгедектер мен ақыл-есінің мүмкіндігі шектеулі адамдар қатарындағы спортшылар арасында өткізілетін халықаралық қысқы және жазғы жарыстар;
1-тармақша өзгертілді ҚР 04.07.2003 жылғы № 471-II Заңымен (02.12.1999 ж. редакцияны қараңыз)
2) әуесқойлық спорт - азаматтардың дене тәрбиесінің жалпы жүйесіндегі өзінің спорт шеберлігін жетілдіруге және спорттың әр түрінде жоғары нәтижелерге жетуге мүмкіндік беретін сан қырлы бұқаралық спорт қозғалысы;
3) бас жаттықтырушы - Қазақстан Республикасының ұлттық құрама командасына басшылық жасауға, спорт түрі бойынша әлем чемпионаттарында, Азия және Олимпиада ойындарында және басқа да халықаралық жарыстарда оның даярлығына, қалыптасуы мен сайысқа түсуіне жауап беретін жаттықтырушы;
4) бұқаралық спорт - дене жаттығуларымен айналысуға тарту және спорттың әр түріндегі талантты спортшыларды анықтау мақсатында халық арасында дене шынықтыруды дамытуға ықпал ететін бұқаралық спорт қозғалысын білдіретін дене шынықтырудың бір бөлігі;
5) бұқаралық спорт іс-шараларының күнтізбесі - дене шынықтыру-спорт ұйымдарының оқу-жаттығу жұмысын күнтізбелік жылға жоспарлауы мен өткізуін регламенттейтін ресми құжат;
6) дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері - дене шынықтырумен және спортпен айналысатын адамдарды медициналық қамтамасыз етуге, дәрігерлік бақылауға, емдік дене шынықтыруға және оңалтуға арналған медициналық ұйым;
7) дене тәрбиесі - дені сау, дене бітімі және рухани жағынан жетілген, моральдық жағынан табанды жеткіншек ұрпақты қалыптастыруға, адамның денсаулығын нығайтуға, жұмыс қабілетін арттыруға, шығармашылық ғұмырлылығы мен өмірін ұзартуға бағытталған педагогикалық процесс;
7-тармақша өзгертілді ҚР 20.12.2004  жылғы № 13 Заңымен (04.07.2003 ж. редакцияны қараңыз)
8) дене тәрбиесінің құралдары - дене шынықтыру жаттығулары, табиғаттың сауықтыру күштері және гигиеналық факторлар;
9) дене шынықтыру - мәдениеттің ажырамас бөлігі, адамның дене бітімін дамыту, оның денсаулығын нығайту мақсатында қоғам жасайтын және пайдаланатын, адамның үйлесімді дамуына ықпал ететін рухани және материалдық құндылықтар жиынтығы болып табылатын әлеуметтік қызмет саласы;
10) дене шынықтыру (дене шынықтыру-спорт) қозғалысы - халықтың дене шынықтыру деңгейін арттыруға, жеке және заңды тұлғалардың дене шынықтыру мен спортты дамыту жөніндегі нысаналы қызметіне жәрдемдесетін әлеуметтік қозғалыс нысаны;
10-1) дене шынықтыру және спорт жөніндегі әдіскер (бұдан әрі – әдіскер) - спорт ұйымдарында және дене шынықтыру-сауықтыру мен спорт қызметі жүзеге асырылатын ұйымдарда оқу-жаттығу процесін әдістемелік қамтамасыз етуді және оған басшылықты, дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізуді жүзеге асыратын жеке тұлға;
10-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.94.2012 жылғы № 15-V Заңына сәйкес
11) дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті орган - дене шынықтыру және спорт саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
12) дене шынықтыру және спорт жүйесі - халықтың дене тәрбиесі мен спортты дамыту мақсатындағы қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік мекемелердің және өзге де заңды тұлғалардың жиынтығы;
13) дене шынықтыру және спорт саласындағы аккредиттеу - дене шынықтыру және спорт жөніндегі уәкілетті органның спорт түрі бойынша республикалық қоғамдық бірлестіктің тиісті халықаралық ұйымдарда Қазақстан Республикасын білдіретін құқықтық өкілеттігін ресми тануы;
Полная версия
ИС BestProfi