Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 7 маусымдағы № 53-II Заңы
Құжат мәтініндегі "уәкiлеттi мемлекеттiк органның", "уәкiлеттi мемлекеттiк орган", "уәкiлеттi мемлекеттiк органы", "уәкiлеттi мемлекеттiк органнан", "уәкiлеттi мемлекеттiк органды", "уәкiлеттi мемлекеттiк органмен" сөзедер "уәкiлеттi органның", "уәкiлеттi орган", "уәкiлеттi органы", "уәкiлеттi органнан", "уәкiлеттi органды", "уәкiлеттi органмен" сөздермен ауыстырылды ҚР 09.06.2004 жылғы №558 Заңы бойынша (07.06.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа)
Құжат мәтініндегі "стандарттау, метрология және сертификаттау" сөзедер "техникалық реттеу және метрология" сөздермен ауыстырылды ҚР29.12.2006 жылғы №209 Заңы бойынша (31.01.2006ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа)
Құжат мәтініндегі "қадағалау", "қадағалауға", "қадағалауды", "қадағалаудың" сөзедер "бақылау", "бақылауға", "бақылауды", "бақылаудың" сөздермен ауыстырылды ҚР 05.07.2008 жылғы №62-IV Заңы бойынша (29.12.2006ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа)
Құжат мәтініндегі "техникалық реттеу және метрология жөніндегі" сөзедер алынып тасталды ҚР 05.07.2008 жылғы №62-IV Заңы бойынша (29.12.2006ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа)
Осы Заң өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік органдар, жеке және заңды тұлғалар арасында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейді, оның мақсаттарын, өлшем бірлігін қамтамасыз етудің құқықтық және ұйымдастырушылық негіздерін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша өзгертілді ҚР 09.06.2004 жылғы №558 Заңымен (07.06.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша өзгертілді ҚР 05.07.2008 жылғы №62-IV Заңымен (29.12.2006ж. редакцияны қараңыз)((алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі)
1-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2) заңдық метрология - метрологияның уәкiлеттi мемлекеттiк орган атқаратын қызметке жататын және өлшем бiрлiктерiне, әдiстерiне, өлшем құралдары мен өлшемдiк зертханаларына қатысты мемлекеттiк талаптары бар бөлiгi;
2-тармақша өзгертілді ҚР 09.06.2004 жылғы №558 Заңымен (07.06.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3) мемлекеттiк метрологиялық бақылау – уәкiлеттi органның және оның аумақтық бөлiмшелерiнiң Қазақстан Республикасының өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы заңнамасы талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі қызметі;
3-тармақша өзгертілді ҚР 09.06.2004 жылғы №558 Заңымен (07.06.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
3-тармақша өзгертілді ҚР 10.07.2012 жылғы №31-V Заңымен (15.07.2011ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік 10(он) күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.)
3-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2014 жылғы № 269-V Заңымен (16.05.2014 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2015 жылдан бастап)
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4-1) метрологиялық бақылап тексеру – өлшем нәтижесінің қасиеті, оған сәйкес нәтиже салыстырып тексеру мен калибрлеудің құжатталған үздіксіз тізбегі арқылы шама бірлігінің мемлекеттік эталонымен сәйкестендірілуі мүмкін;
1-бап 4-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-тармақша алынып тасталды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-1) метрологиялық сараптама – метрологиялық талаптарды, өлшем бірлігімен байланысты қағидалар мен нормаларды қолдану дұрыстығын және толықтығын талдау және бағалау;
1-бап 5-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
5-3) метрологиялық талаптар – өлшемдердің, шама бірліктері эталондарының, стандартты үлгілердің, өлшем құралдарының өлшем дәлдігінің нәтижесі мен көрсеткіштеріне әсер ететін сипаттамаларына (өлшемдеріне), сондай-ақ осы сипаттамалар (өлшемдер) қамтамасыз етілуге тиіс жағдайларға қойылатын талаптар;
1-бап 5-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
6) өлшем – шамаға негізделіп жазылуы мүмкін шаманың бір немесе одан көп сандық мәндерін эксперименттік алу процесі;
6-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
7) өлшем бiрлiгi – өлшемнiң жай-күйi, бұл ретте осы өлшемнің нәтижелері қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерінде көрсетіледі, ал өлшем дәлдігінің көрсеткіштері белгіленген шекаралардан шықпайды;
7-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 05.10.2018 жылғы № 184-VІ Заңына сәйкес (29.10.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 11.04.2019 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
8) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесi – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласында қызметін жүзеге асыратын объектiлердiң, мемлекеттiк органдардың, жеке және заңды тұлғалардың жиынтығы;
8-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
9) өлшем бiрлiгiн қамтамасыз етудiң мемлекеттiк жүйесiнiң тiзiлiмi – өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы объектiлердiң, жұмыстарға қатысушылар мен құжаттардың электрондық дерекқоры;
9-тармақша өзгертілді ҚР 09.06.2004 жылғы №558 Заңымен (07.06.2000 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі)
9-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 30.12.2020 жылғы № 397-VI Заңына сәйкес (26.11.2019 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 01.07.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)