Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 13.07.2018
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі туралы
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 30 қарашадағы N 109 Заңы
Осы Заң күшін жойды 2018 жылғы 13 шілдеден бастап ҚР 10.01.2018 жылғы № 133-VІ Заңына сәйкес
Редакция 08.06.2018 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң бағалау объектiлерiнiң нарықтық немесе өзгеше құнын белгiлеу мақсатымен бағалау қызметiн жүзеге асыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi, бағалау қызметi субъектiлерiнiң олардың құқықтары мен мiндеттерiн айқындайды.
1-бап. Қазақстан Республикасының бағалау қызметі туралы заңнамасы
1-бап өзгертілді ҚР 01.03.2011 жылғы №  414-IV  Заңымен (10.02.2011ж. редакцияны қараңыз)
1. Қазақстан Республикасының бағалау қызметi туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясынанегiзделедi, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актiлерiнен тұрады.
2. Мемлекеттік мүлікті бағалауды ұйымдастыру ерекшеліктері, ол мемлекеттік мүліктің құрамына түскен, мемлекеттік мүлікті жеке тұлғалар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың пайдалануына берген кездегі, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті иеліктен шығарған кездегі мүлікті бағалау жағдайлары мен ерекшеліктері «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 100-1-бабында және 16-тарауында белгіленеді.
2-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР 04.12.2015 жылғы № 435-V Заңына сәйкес (17.11.2015 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.01.2016 жылдан бастап)
3. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда көзделгеннен өзгеше қағидалар белгiленсе, халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
2-бап өзгертілді ҚР 09.11.2009 жылғы № 197-IV Заңымен (12.01.2007 ж. редакцияны қараңыз)
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) бағалау – бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау;
2) бағалау амалы – бағалаудың бір немесе бірнеше әдістерін пайдалана отырып, бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құнын анықтау тәсілі;
3) бағалау әдісі – бағалау объектісінің нарықтық және өзге құнын белгілеу үшін пайдаланылатын заңдық, қаржы-экономикалық және ұйымдастырушылық-техникалық сипаттағы іс-қимылдар жиынтығы;
4) бағалау күні – бағалау объектісінің ықтимал нарықтық немесе өзге құны анықталатын күн немесе уақыт кезеңі;
5) бағалау қызметі – егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, бағалау объектілеріне қатысты бағалаушылар жүзеге асыратын белгілі бір күнге нарықтық немесе өзге құнды белгілеуге бағытталған кәсіпкерлік қызмет;
6) бағалау қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілер – бағалау жүргізуге, бағалау туралы есептерде пайдаланылатын амалдар мен әдістерге, олардың мазмұны мен нысанына қойылатын талаптарды белгілейтін актілер;
7) бағалау стандарттары – бағалау қызметі саласындағы ережелер, принциптер мен сипаттамалар жалпыға бірдей және бірнеше рет пайдалану үшін белгіленетін нормативтік құжат;
8) бағалау туралы есеп – бағалаушының бағалау жөніндегі жұмыстың нәтижелері туралы тапсырыс берушіге беретін, осы Заңның талаптарына сай келетін жазбаша хабары;
8-тармақша өзгертілді  ҚР 10.07.2012  жылғы № 36-V Заңымен (05.07.2012  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 28.07.2012 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
9) бағалаушы – бағалау қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар және міндетті түрде бағалаушылар палаталарының біреуінің мүшесі болып табылатын жеке немесе заңды тұлға;
10) бағалаушылар палатасы – бағалаушылардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау үшін құрылатын коммерциялық емес ұйымның дербес ұйымдық-құқықтық нысаны;
Полная версия
ИС BestProfi