Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 29.08.2015
Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы
 Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 10 шілдедегі № 711 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 29 тамыздан бастап ҚР Үкіметінің 10.08.2015 жылғы № 628 Қаулысына сәйкес
«Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» ҚР Энергетика министрінің 11.02.2015 жылғы № 73 Бұйрығын қараңыз
«Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 33) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қоса беріліп отырған Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің 2013 жылғы
10 шілдедегі № 711 қаулысымен
 бекітілген
Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидалары
1. Осы Электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Электр энергетикасы туралы» 2004 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабының 33) тармақшасына сәйкес әзірленді және энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың электр станцияларының, жылу және электр желілерінің жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына техникалық қызмет көрсетуді және оларды жөндеуді ұйымдастыру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар қолданылады:
1) байпас – жылу тасымалдағышты бекіту және реттеуіш арматурасына қатарлас тасымалдау үшін қолданылатын айналма жылу құбыры;
2) жабдық – белгілі бір технологиялық схемамен біріктірілген тетіктер, машиналар, құрылғылар, құралдар жиынтығы;
3) жарамды күйі – жабдықтың, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық (жобалық) құжаттаманың барлық талаптарына сәйкес келетін күйі;
4) жөндеу – жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмысқа қабілеттілік күйін және (немесе) жарамды күйін қалпына келтіру және олардың құрамдас бөліктерінің ресурсын қалпына келтіру жөніндегі іс-шаралар кешені;
5) жұмысқа қабілеттік күйі – жабдықтардың, ғимараттардың және (немесе) құрылыстардың берілген функцияларды орындау қабілетін сипаттайтын барлық параметрлердің мәндері нормативтік-техникалық және (немесе) конструкторлық (жобалық) құжаттама талаптарына сай келетін күйі;
6) техникалық қызмет көрсету – мақсаты бойынша пайдалану, сақтау және (немесе) оларды жөндеуге шығарусыз тасымалдау кезінде жабдықтардың, ғимараттар мен құрылыстардың жұмысқа қабілеттілік күйін және (немесе) жарамды күйін қолдау жөніндегі іс-шаралар кешені немесе іс-шара;
7) тоқтату – жабдықтарды істен шығару.
3. Осы Қағидалар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдардың жабдықтарына, ғимараттары мен құрылыстарына авариялық жөндеуді ұйымдастыруға қолданылмайды.
4. Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдар мынадай жұмыс түрлерін:
1) жабдықтарға, ғимараттар мен құрылыстарға техникалық қызмет көрсетуді;
Полная версия
ИС BestProfi