Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2018
"Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 721 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2018 жылғы 31 шілдеден бастап ҚР Үкіметінің 17.07.2018 жылғы № 437 Қаулысына сәйкес
1. «Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 30 желтоқсандағы № 1456 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 12, 116-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Жер қойнауын пайдалану құқығын беру қағидасында:
67, 68, 69, 70, 71, 72, 73, 74 және 75-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«67. Жеке немесе заңды тұлға жалпыға ортақ пайдаланылатын автомобиль жолдарын, темір жолдар мен гидроқұрылыстарды салу (қайта жаңарту) және жөндеу кезінде пайдаланылатын кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына жазбаша рұқсат алу үшін облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына мынадай құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш береді:
1) заңды тұлғалар үшін – заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама немесе куәлік*;
ескертпе: * «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады;
2) жеке тұлғалар үшін – өтініш берушінің жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
3) жалпыға ортақ пайдаланатын автомобиль жолдарына, темір жолдарға және/немесе гидроқұрылыстарға жобалау-іздестіру және/немесе жөндеу-құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған шарттың (келісімшарттың) нотариалды куәландырылған көшірмесі немесе салыстырып тексеру үшін түпнұсқасын ұсына отырып, аталған шарттың (келісімшарттың) көшірмесі не гидроқұрылысқа құқық белгілейтін құжаттың көшірмесі;
4) мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемені орындау мүмкіндігін растайтын құжаттар (жеке қаражат, банктердің кепілдігі);
5) осы Қағидаға 2-қосымшаға сәйкес кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасы, сондай-ақ облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органының, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесінің және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның өңірлік органының картограмманы қарау қорытындылары.
68. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығына өтінішті осы Қағиданың 67-тармағында санамаланған құжаттардың барлығы болған кезде қабылдайды.
69. Өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларды барлауға жер қойнауын пайдалану құқығын алу үшін мәлімделген қол қойылатын бонусты толық көлемде төлеу жөніндегі міндеттемелерді орындау мүмкіндігін растау мақсатында мынадай құжаттарды ұсынады:
1) егер төлемді жеке қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген болса, өтініш берушінің банк шотында тиісті соманың болуын растайтын құжатты қоса береді;
2) егер қаржыландыруды қарыз қаражаты есебінен жүзеге асыру көзделген болса, өтініш беруші кредиттік ұйымнан растаушы құжаттардың түпнұсқаларын немесе олардың нотариалды куәландырылған көшірмелерін қоса береді.
70. Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын өтініш беруші әзірлейді және ол облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне мәлімделген координаттардың немесе координаттар бөлігінің үшінші тұлғалардың ауыртпалығында болуы, келісімшартты аумақпен, су қорлары жерлерімен немесе ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы заңнамада көзделген жағдайларда ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың аумағымен түйісуі, сондай-ақ пайдалы қазбалардың, оның ішінде жер асты суларының болуы немесе болмауы тұрғысында қарауға жіберіледі. Қарау қорытындылары өтініш берушіге кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасы түскен сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде жолданады.
Кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын қарау қорытындыларын беру кезінде мәлімделетін жер учаскелері барланған жағдайда, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесі оның барланғаны туралы тиісті белгі қояды.
Қарау қорытындылары бойынша картограмманы түзеткен жағдайда, өтініш беруші кең таралған пайдалы қазбаларға барлау жүргізу алаңының картограммасын облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органына, жер қойнауын зерделеу және пайдалану жөніндегі уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне, су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның өңірлік бөлімшесіне және орман шаруашылығы, жануарлар дүниесін қорғау, өсімдіктер дүниесін молайту мен пайдалану және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлімшесіне қайта жолдайды. Қарау қорытындылары өтініш берушіге түзетілген картограмма түскен сәттен бастап 5 жұмыс күні ішінде жолданады.
71. Өтінішті қарау қорытындылары бойынша облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы өтініш түскен күннен бастап 5 жұмыс күні ішінде өтініш берушіні қол қойылатын бонустың түпкілікті мөлшерін белгілеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізу туралы хабардар етеді. Келіссөздер жүргізу күні өтініш түскен күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспауы тиіс. Облыстың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергілікті атқарушы органы келіссөздер өткізілгеннен кейін 3 жұмыс күні ішінде:
Полная версия