Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің кейбір мәселелері туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 шілдедегі № 723 қаулысы
Редакция 18.06.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Құқық бұзушылық профилактикасы жөніндегі жұмыстың деңгейін арттыру және азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін тиісінше қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында орналастыра отырып, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің «5548 әскери бөлімі» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) мекеменің жарғысын бекітсін және оның Қазақстан Республикасының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
1) тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысымен (12.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 27.06.2015 жылы № 120 (28598) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 22 маусымдағы № 607 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2005 ж., № 25, 311-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
«1. Мемлекеттік мекемелер» деген бөлім мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 64-2-жолмен толықтырылсын:
көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 128114
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі, оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде: 128474



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: 62431



Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,

оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:
28293

11682
деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:



Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне ведомстволық бағынысты мемлекеттік мекемелер, оның ішінде: 62791



Ішкі әскерлердің өңірлік қолбасшылықтары, құрамалары мен бөлімдері,

оның ішінде мерзімді қызметтегі әскери қызметшілер:
28653

11886
4. Осы қаулы 2013 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізіледі.
Полная версия
ИС BestProfi