1. «Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
"Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөнінде комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 9 наурыздағы № 181 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 шілдедегі № 725 қаулысы
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
көрсетілген қаулымен бекітілген Зияткерлік меншік құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін:
Кенжебаев Арман Жанатбекұлы | – | «Қазақстан орындаушыларының құқықтарын басқару қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Айдарбеков Бауыржан Тілеужанұлы | – | «Абырой» авторлық қоғамы» республикалық қоғамдық бірлестігінің бас директоры (келісім бойынша) |
Блиев Әсет Асылбекұлы | – | «Фонограммалар өндірушілердің қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігі директорының бірінші орынбасары (келісім бойынша); |
мына:
«Жақсылықов Тимур Мекешұлы | – | Қазақстан Республикасының Экономикалық даму және сауда вице-министрі» |
деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
«Жақсылықов Тимур Мекешұлы | – | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрi»; |
көрсетілген құрамнан Дархан Әзімханұлы Әзімхан шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Полная версия