Близость слов: Окончание:





Осы редакция 04.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Осы кодекс ҚР 21.06.2013 жылғы № 106-V Заңының өзгерістерімен:
Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстап қалуды (есебіне жазуды) және жинақтаушы зейнетақы қорлары немесе бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына аударуды реттейтін нормалары 01.01.2014 ж. қолданысқа енгізіледі.
Сондай-ақ, ҚР 21.06.2013 жылғы № 106-V Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеуді, ұстап қалуды (есебіне жазуды) және аударуды реттейтін нормалары 01.01.2014 ж. дейін қолданылады. 
Бұл нормалар бойынша өзекті редакция - 13.06.2013 ж.
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі) Кодекс
Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы N 99-IV
Құжат мәтініндегі "мемлекеттік тілде және (немесе) орыс тілінде", "мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне", "мемлекеттік тілдегі немесе орыс тіліндегі", "мемлекеттік және (немесе) орыс тілдерінде", "мемлекеттік және (немесе) орыс тілдеріндегі" сөздер "қазақ және (немесе) орыс тілінде", "қазақ немесе орыс тіліне", "қазақ немесе орыс тіліндегі", "қазақ және (немесе) орыс тіліндегі" сөздерімен ауыстырылды;
"(акционерлік)" сөзі алынып тасталды ҚР 16.11.2009  жылғы № 200-IV Заңы бойынша (17.07.2009 ж. редакцияны қараңыз)(алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс)
Құжат мәтініндегі «кеден одағының», «кеден одағына», «кеден одағынан», «кеден одағында», «кеден одағы» сөздері «Кеден одағының», «Кеден одағына», «Кеден одағынан», «Кеден одағында», «Кеден одағы» сөздерімен ауыстырылды ҚР 26.12.2012 жылғы №61-V Заңы бойынша (24.12.2012 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі  01.01.2013 жылдан бастап)
Құжат мәтініндегі «ауылдардың (селолардың), ауылдық (селолық)», «Селолар (ауылдар)», «ауыл (село), ауылдық (селолық)», «селолар, ауылдар» сөздері «ауылдардың, ауылдық», «Ауылдар», «ауыл, ауылдық», «ауылдар» сөздерімен ауыстырылды ҚР 03.07.2013  жылғы № 121-V Заңымен (21.06.2013  ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін 10 (он) күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 05.07.2013 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-бап. Осы Кодексте реттелетін қатынастар
Осы Кодекс салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді белгілеу, енгізу және есептеу мен төлеу тәртібі жөніндегі билік қатынастарын, сондай-ақ мемлекет пен салық төлеуші (салық агенті) арасындағы салық міндеттемесін орындауға байланысты қатынастарды реттейді.
2-бап. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Кодекстен, сондай-ақ қабылдануы осы Кодексте көзделген нормативтік құқықтық актілерден тұрады.
2. Осы Кодексте көзделмеген салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі міндет ешкімге жүктелуге тиіс емес.
3. Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер осы Кодексте белгіленген тәртіппен және жағдайларда белгіленеді, енгізіледі, өзгертіледі немесе күшін жояды.
4. Осы Кодекс пен Қазақстан Республикасының басқа да заңнамалық актілерінің арасында қайшылықтар болған кезде салық салу мақсатында осы Кодекстің нормалары қолданылады. Осы Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, салықтық қатынастарды реттейтін нормаларды салықтық емес заңнамаға енгізуге тыйым салынады.
5. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Кодекстегіден өзгеше ережелер белгіленсе, көрсетілген шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының қолданылуы
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында қолданыста болады және жеке тұлғаларға, заңды тұлғалар мен олардың құрылымдық бөлімшелеріне қолданылады.
2. Салық әкімшілігін жүргізу, салық есептілігін белгілеу ерекшеліктері, сондай-ақ салық төлеушілердің (салық агенттерінің) жағдайын жақсарту жөніндегі өзгерістер мен толықтыруларды қоспағанда, осы Кодекске өзгерістер мен толықтырулар енгізетін Қазақстан Республикасының заңнамалық актілері ағымдағы жылдың 1 қарашасынан кешіктірілмей қабылдануы және олар қабылданған жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан бастап қана қолданысқа енгізілуі мүмкін.
4-бап. Қазақстан Республикасында салық салу принциптері
1. Қазақстан Республикасының салық заңнамасы салық салу принциптеріне негізделеді. Салық салу принциптеріне салық салудың міндеттілігі, айқындылығы, әділдігі, салық жүйесінің біртұтастығы және Қазақстан Республикасы салық заңнамасының жариялылығы принциптері жатады.
2. Қазақстан Республикасы салық заңнамасының ережелері осы Кодексте белгіленген салық салу принциптеріне қайшы келмеуге тиіс.
Полная версия
ИС BestProfi