Близость слов: Окончание:





Осы редакция 04.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасының Жер кодексі
Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы N 442 Кодексі
Құжат мәтініндегі «ауыл (село)», «ауылдық (селолық)», «ауылдар (селолар)», «ауылдардың (селолардың)», «ауылдың (селоның)», «ауылда (селода)», «Селодағы», «ауылдарды, селолар», «село», «селолық» сөздер «ауыл», «ауылдық», «ауылдар», «ауылдардың», «ауылдың», «ауылда», «Ауылдағы», «ауылдар», «ауыл», «ауылдық» сөздермен ауыстырылды ҚР 03.07.2013 жылғы № 121-V Заңы бойынша ( 13.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап. Қазақстан Республикасының жер қоры
1. Қазақстан Республикасының жер қоры нысаналы мақсатына сәйкес мынадай санаттарға бөлiнедi:
2) елдi мекендердiң (қалалардың, кенттер мен ауылдық елдi мекендердiң) жерi;
3) өнеркәсiп, көлiк, байланыс, ғарыш қызметі, қорғаныс, ұлттық қауіпсіздік мұқтажына арналған жер және ауыл шаруашылығына арналмаған өзге де жер;
3-тармақша өзгертілді ҚР 06.01.2012 жылғы № 529-IV Заңымен (21.07.2011 ж. редакцияны қараңыз) (қолданысқа енгізілуі тиіс алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 21 (жиырма бір) күн өткен соң)
3-тармақша өзгертілді ҚР 13.02.2012 жылғы № 553-IV Заңымен (25.01.2012 ж. редакцияны қараңыз)
4) ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерi, сауықтыру мақсатындағы, рекреациялық және тарихи-мәдени мақсаттағы жер;
2. Осы баптың 1-тармағында аталған жер белгiленген нысаналы мақсатына сәйкес пайдаланылады. Жердiң құқықтық режимi оның қай санатқа тиесiлiлiгiне және жердi (аумақты) аймақтарға бөлуге сәйкес рұқсатты пайдаланылуына негiзделiп айқындалады.
3. Қазақстан Республикасының аумағында табиғи жағдайлары бойынша мынадай аймақтар ерекшеленедi:
Полная версия
ИС BestProfi