1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Ғылыми дәрежелер беру ережесі бекітілсін.
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 30.05.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Ғылыми дәрежелер беру ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылы 13 мамырда № 6951 тіркелді
«Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабының 14) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
2. Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (М.Ә. Бектемесов):
1) осы бұйрықтың белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. Осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр М.Қ. Орынхановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жұмағұлов
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2011 жылғы 31 наурыздағы № 127 бұйрығына 1-қосымша
Ғылыми дәрежелер беру ережесі
1. Осы ереже «Ғылым туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 18 ақпандағы Заңының 4-бабы 14) тармақшасына сәйкес әзірленген және докторантураның білім беру бағдарламаларын меңгерген және философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациялық жұмысын (бұдан әрі – диссертация) ұсынған докторанттарға ғылыми дәрежелер беру тәртібін белгілейді.
2. Диссертация философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор даярлаудың білім беру бағдарламасының нақты бір мамандығы бойынша біліктілікті айқындайтын ғылыми еңбек болып табылады.
3. Философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор ғылыми дәрежесін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті (бұдан әрі – Комитет) докторантураны бітірген Қазақстан азаматтарына, шетел азаматтарына және азаматтығы жоқ тұлғаларға диссертациялық кеңестердің (бұдан әрі – диссертациялық кеңестер) ұсынысы негізінде, Комитеттің консультативтік-кеңес беру ұйымы болып табылатын тиісті Сараптау кеңесінің қорытындыларын ескере отырып береді.
4. Докторанттар ғылыми дәрежелер алу үшін ұсынған диссертациялардың осы Ережеге сәйкестілігін бағалауды Комитет жүзеге асырады.
5. Диссертация ғылыми дәрежелері бар және докторанттың ғылыми зерттеулері саласындағы маман болып табылатын отандық және шетелдік ғылыми консультанттардың жетекшілігімен орындалады. Мемлекеттік құпиялары бар диссертация орындалған жағдайда шетелдік ғылыми консультант тағайындалмайды.
Диссертация тақырыбы Қазақстан Республикасында іске асырылатын ғылыми дамудың басым бағыттарына және/немесе мемлекеттік бағдарламаларға сәйкес болуы керек (Қазақстан Республикасы азаматтарының, шетелдіктердің және азаматтығы жоқ тұлғалардың шетелде алған ғылыми дәрежелерінің баламалылығын тануға ұсынылған диссертациялардан басқа). Диссертация төмендегі талаптардың біреуіне сәйкес орындалуы тиіс:
1) маңызды ғылыми мәселені шешетін жаңа ғылыми негізделген нәтижелердің болуы;
Полная версия

