Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2015
Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің тізілімін бекіту туралы" 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 және "Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы" 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы 
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 9 шілдедегі № 699 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Үкіметінің 13.03.2015 жылғы № 140 Қаулысына сәйкес
Редакция 19.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ: 
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) Тармақша күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақша күшін жойды ҚР Үкіметінің 18.09.2013 жылғы № 983 Қаулысымен (09.07.2013 ж. редакцияны караңыз)  (алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс)
2) «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 68, 984-құжат):
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.02.2014 жылғы № 115 Заңымен (18.10.2013 ж. редакцияны қараңыз) алғашқы ресми жарияланғаннан күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.04.2014 жылғы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-тармақтың 5) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«5) «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандартында:
6-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
көрсетілген стандартқа 1-қосымша осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 3-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Білім туралы құжаттарды тану және нострификациялау» мемлекеттік қызмет стандарты осы қаулыға 4-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандартында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызметті алу үшін портал арқылы мынадай құжаттар тізбесін тапсырады:
1) мемлекеттік қызметті алушының электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
2) лицензиялық алымның бюджетке төленгенін растайтын төлем құжатының электрондық көшірмесі не алым ЭҮТШ арқылы төленген жағдайда лицензиялық алымның бюджетке төленгені туралы мәліметтер;
Полная версия
ИС BestProfi