Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 28.03.2016
Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы 
Көлік және коммуникация министрінің 2013 жылғы 19 маусымдағы № 463 бұйрығы. 
Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 27 маусымда 8527 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2016 жылғы 28 наурыздан бастап ҚР Инвестициялар және даму министрінің 22.01.2016 жылғы № 52 Бұйрығына сәйкес
Редакция 26.12.2014 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН: 
1. Қоса беріліп отырған Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидалары бекітілсін.
2. Мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруды бақылау және халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметін үйлестіру комитеті (Б.Б. Мусин):
1) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды, соның ішінде Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың Интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министрі А.Қ. Жұмағалиевке жүктелсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 26.12.2014 жылғы № 303 Бұйрығымен (19.06.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2013 жылғы 19 маусымдағы
№ 463 бұйрығымен
бекітілген
Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидалары
1. Осы Халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңы (бұдан әрі – Заң) 9-бабының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және Халыққа қызмет көрсету орталықтары (бұдан әрі – Орталықтар) қызметінің тәртібін, сондай-ақ өтініштерді (құжаттарды) қабылдау және өтініштердің уәкілетті органдарға уақтылы табысталуын және қабылдануын қамтамасыз ету, Орталықтарда құжаттарды беру тәртібін айқындайды.
2. Орталықтар өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, жарғыға, сондай-ақ осы Қағидаларға, мемлекеттік қызметтерді көрсету стандарттарына сәйкес жүзеге асырады.
3. Орталықтар Заңға сәйкес, өтініштерді қабылдау және құжаттарды беру бойынша «жалғыз терезе» қағидаты бойынша жеке және (немесе) заңды тұлғаларға мемлекеттік қызметтерді ұсынуды қамтамасыз етеді. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің ұсынылуын қамтамасыз ететін ретте Орталықтар, «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, ақпараттық жүйелерінен мәліметтер алу мүмкін.
4. Орталықтар мемлекеттік қызметтерді, Заңның 3-бабына сәйкес келесі қағидаттар негізінде ұсынады:
қызметті алушылардың тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тiлiне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне немесе кез келген өзге жағдаяттар бойынша қандай да бір кемсітушіліксіз теңдей қол жеткізуі;
мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде төрешілдік пен сөзбұйдалық көріністеріне жол бермеу;
мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы есептілік және ашықтық;
Полная версия
ИС BestProfi