Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 10.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 15 қаңтардағы № 10 Қаулысы
Астана қаласында ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін өткізуге дайындық бойынша жұмыстарды ұйымдастыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013-2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары (бұдан әрі – Ұлттық жоспар) бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдары:
1) Ұлттық жоспарды iске асыру жөнiнде шаралар қабылдасын;
2) Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгiне жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 10 шiлдеден және 10 қаңтардан кешiктiрмей Ұлттық жоспардың iске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
3. Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлiгi жартыжылдық және жыл қорытындылары бойынша 20 шiлдеден және 20 қаңтардан кешiктiрмей Қазақстан Республикасының Үкiметiне Ұлттық жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпаратты ұсынуды қамтамасыз етсін.
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы  Премьер-Министрінің орынбасары Қ.Н. Келімбетовке жүктелсін.
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2013 жылғы 15 қаңтардағы
 № 10 қаулысымен
 бекітілген
ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің 2013–2018 жылдарға арналған ұлттық жоспары
 
Р/с№ Іс-шараның атауы Аяқталу нысаны Жауапты орындаушы Орындау мерзімі Қаржыландыру көзі
1 2 3 4 5 6
Ұйымдастырушылық сипаттағы іс-шаралар
1. Жұмыс органдарының Ұйымдастыру комитеті жанындағы Жұмыс штабтарының 2013–2017 жылдарға арналған жұмыс жоспарларының жобаларын әзірлеуі және бекітуі Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы ЭДСМ, ИЖТМ, БҒМ, СІМ, МАМ, ККМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
2. Көрмені ұйымдастыру жөніндегі қажетті актілерді, сондай-ақ рәсімдік және қаржылық құжаттарды қабылдау кестесін бекіту Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
3. ЭКСПО-2017 қолдау қоры жұмысының жаңа регламентін әзірлеу, Қор комиссиясының құрамын жаңарту Ұйымдастыру комитетінің хаттамасы ЭДСМ, СІМ, БҒМ, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
4. Астана қаласының әкімдігі жанындағы ЭКСПО-2017 қолдау қорын бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландыруды ұлғайту мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, СІМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
5. ХКБ Атқарушы комитетінде Тіркеу дерекнамасын ресми бекітуді есепке ала отырып, 2014 – 2018 жылдарға түзетулермен Ұлттық жоспарға өзгерістер енгізу Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы желтоқсан Талап етілмейді
6. ЭКСПО-2017 ҚР Бас комиссарының (бұдан әрі – Бас комиссар) кандидатурасын келісу Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу Ұйымдастыру комитеті 2013 жылғы желтоқсан Талап етілмейді
7. ЭКСПО-2017 ҚР Бас комиссарын тағайындау Қазақстан Республикасы Президентінің актісі Ұйымдастыру комитеті 2013 жылғы желтоқсан Талап етілмейді
8. Көрмеге қатысу шарттарына қол қою бойынша жұмысты ұйымдастыру және ЭКСПО-2017 қатысушы елдері бас комиссарларының отырыстарын өткізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Бас комиссар, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2014 – 2016 жылдар Талап етілмейді
9. Мына:
1) көрмені өткізу үшін бюджеттік және бюджеттен тыс көздер бөлінісінде жылдар бойынша қажетті қаражат көлемін айқындау;
2) мемлекеттік-жеке серіктестік пен демеушілікті қоса алғанда, көрмені қаржыландыру көздері;
3) көрмені бюджеттік және бюджеттен тыс көздер есебінен қаржыландырудың ашық тетіктерін қалыптастыру жөнінде ұсыныстар әзірлеу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан Талап етілмейді
10. Әлемдік тәжірибені талдау негізінде көрмені өткізуден барынша көп экономикалық тиімділік алу жөніндегі іс-қимылдар жоспарын әзірлеу мәселесін пысықтау, оның ішінде кірістерді көбейту және шығындарды азайту жолымен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
11. Астанада ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастырудың және өткізудің кейбір мәселелері туралы ҚР Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу Қазақстан Республикасының Заңы жобасының тұжырымдамасы ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині, ИЖТМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек Талап етілмейді
Халықаралық көрмелер бюросымен өзара іс-қимыл жөніндегі іс-шаралар
12. Халықаралық көрмелер бюросының (ХКБ) Бас ассамблеяларындағы ҚР делегаттарының қатарынан ХКБ жанындағы Ұйымдастыру комитетінің ресми өкілін айқындау – ХКБ-да ҚР халықаралық кеңсесін құру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, СІМ 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
13. ХКБ Хатшылығымен өзара іс-қимыл жасау және алдыңғы ЭКСПО-лар тәжірибесін зерделеу үшін «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жанында ХКБ жанындағы Қазақстанның халықаралық кеңсесін құру (3 адам) мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, СІМ, Қаржымині, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
14. ХКБ-ға тіркеу жарнасын төлеу үшін бюджеттік өтінім дайындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, Қаржымині 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
15. Қазақстандық делегацияның, оның ішінде Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің қатысуымен ХКБ Атқарушы комитетіне дайындауды және қатысуын қамтамасыз ету (мамыр, қазан), Тіркеу дерекнамасының таныстырылымымен ХКБ-ның 153 және 154-ші Бас ассамблеяларына қатысу (маусым, қараша) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, СІМ, Қаржымині 2013 қаңтар ЭДСМ-ның 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
Тіркеу дерекнамасын және техникалық құжаттарды әзірлеу жөніндегі іс-шаралар
16. Тіркеу дерекнамасы жобасын әзірлеу, Халықаралық көрмелер бюросының Атқарушы комитетінде ілгерілету және тіркеу жөніндегі Ұлттық консультант кеңсесін құру мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы қаңтар Талап етілмейді
17. Тіркеу дерекнамасы жобасын әзірлеу және бекіту Мемлекеттік комиссияның хаттамасы ЭДСМ, СІМ, Астана қаласының әкімдігі, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан ЭДСМ-ның 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
18. Тіркеу дерекнамасының жобасын және ХКБ кеңселері бар көрмені тексеру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, СІМ 2013 жыл бойы ЭДСМ-ның
049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
19. ЭКСПО-2017 объектілерінің көрмеден кейін пайдаланылуын есепке ала отырып, ЭКСПО-2017 өткізу тұжырымдамасының, мастер-жоспардың жобаларын және көрме аумағының эскиздік жобасын әзірлеу мәселесін пысықтау (халықаралық консультанттарды тарта отырып) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, Қоршағанортамині, БҒМ, ИЖТМ, Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
20. ЭКСПО-2017 көрмесіне өтінім дерекнамасын жаңарту, оның ішінде сандық және қаржылық көрсеткіштерді нақтылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ 2013 жылғы ақпан ЭДСМ-ның
049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
21. Тіркеу дерекнамасы жобасының бірінші нұсқасын Мемлекеттік комиссияда таныстыру Таныстырылым Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ 2013 жылғы наурыз-сәуір Талап етілмейді
22. Алдын ала тіркеу дерекнамасын ХКБ Атқарушы комитетіне енгізу және таныстыру ХКБ Атқарушы комитеті отырысының күн тәртібі және хаттамасы Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
23. Тіркеу дерекнамасының алдын ала жобасын ХКБ мүше елдерімен келісу Кездесулер және келіссөздер хаттамасы ЭДСМ, СІМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр-тамыз Талап етілмейді
24. Тіркеу дерекнама жобасының соңғы нұсқасының Мемлекеттік комиссияда таныстыру және оны бекіту, пысықтау Мемлекеттік комиссия хаттамасы Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек Талап етілмейді
25. Тіркеу дерекнамасы жобасының соңғы нұсқасын ХКБ Атқарушы комитетіне енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан Талап етілмейді
26. Тіркеу дерекнамасы жобасының соңғы нұсқасын ХКБ Бас ассамблеясының 154-сессиясына бекітуге шығару ХКБ Бас Ассамблеясының хаттамасы Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қараша Талап етілмейді
27. ХКБ-ның ресми логотипін және туын алу. Қазақстанның атынан ресми қабылдау ХКБ Бас Ассамблеясының хаттамасы Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қараша Талап етілмейді
«Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамын құру және оның қызметін қамтамасыз ету жөніндегі іс-шаралар
28. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ны құру Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы ЭДСМ, Қаржымині, Әділетмині, БҚА 2013 жылғы қаңтар * Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылға арналған резерві
29. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ жарғылық капиталының кезең-кезеңімен капиталдандырылуын қамтамасыз ету мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
30. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның бірінші басшысын Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен келісу және тағайындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ 2013 жылғы қаңтар Талап етілмейді
31. Қаржылық-экономикалық көрсеткіштерді, қызметтің негізгі бағыттарын көрсете отырып, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметі тұжырымдамасының жобасын әзірлеу Тұжырымдаманың жобасы ЭДСМ 2013 жылғы ақпан ЭДСМ-ның 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
32. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның ішкі қызметін реттейтін құжаттарды бекіту: бюджеттеу, персоналды басқару жүйесі, тәуекелдерді басқару жүйесі, сапа менеджментінің жүйесі, қызметтерді автоматтандыру жүйесі және т.б. Директорлар кеңесінің шешімі «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы сәуір-мамыр Талап етілмейді
33. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ персоналының бұрын ЭКСПО өткізген жетекші көрме компаниялары мен корпорацияларында тағылымдамадан өту және оқу мәселелерін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
34. «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ құрылғаны туралы ХКБ Хатшылығына ресми хабарлау ҚР СІМ нотасы СІМ 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
35. ЭКСПО-2017 логотипінің редизайны және оны халықаралық және ұлттық деңгейлерде тіркеу Мемлекеттік комиссияның хаттамасы ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы ақпан-сәуір ЭДСМ-ның 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
36. ХКБ Атқарушы комитетінің жұмысы шеңберінде Париж қаласында (Франция) «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ қызметін халықаралық таныстыру Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
37. Астанадағы ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесінің корпоративті атрибутикасын және имидждік өнімін жасау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр ЭДСМ-ның 049 «Экспорттаушы 2020» бағыты шеңберінде сыртқы нарықтарға қазақстандық тауарлардың экспортын жылжытуға жәрдемдесу» деген бюджеттік бағдарламасы бойынша көзделген қаражат есебінен және шегінде
38. ЭКСПО халықаралық көрмелерін ұйымдастыру мен өткізудің халықаралық тәжірибесін талдау және зерделеу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ҚТКШІА, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
39. Қазақстанның өңірлерінде «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ бизнес-форумдарымен және таныстыруымен ЭКСПО-2017 тақырыбы бойынша жаңа технологиялар мен әзірлемелер көрмесін ұйымдастыру және өткізу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, Қоршағанортамині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
40. ЭКСПО-2017 қатысушылары – дамушы елдерге көмек көрсету бағдарламасын нақтылау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, СІМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан Талап етілмейді
ЭКСПО-2017 жер учаскесін және аумағын дайындау жөніндегі іс-шаралар
41. ХКБ Хатшылығымен бұрын мәлімделген жер учаскесін жаңа орналасу жеріне ауыстыру бөлігінде Өтінім дерекнамасын өзгерту мүмкіндігі мәселесін келісу СІМ нотасы Ұйымдастыру комитеті, СІМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
42. ЭКСПО-2017 рәмізі болатын объектінің үздік нобай-идеясына халықаралық сәулет конкурсын ұйымдастыру үшін бюджеттік өтінім енгізу (2013 жылғы қыркүйекте конкурсты қорытындылап, жобаны іске асыру бойынша жауапты орындаушыны айқындау) Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
43. 2017 жылға қарай «Смарт-Астана» жобасын іске қосу жөнінде ұсыныстар, сондай-ақ «Ақылды қала» қағидаттары бойынша объектілерді салу және жаңа коммуникацияларды басқару жөнінде ұсыныс әзірлеу Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, ҚТКШІА, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
44. Инженерлік инфрақұрылымды (сумен, газбен, жылумен, электрмен жабдықтау және кәріз) қамтамасыз ете отырып, ЭКСПО-2017 аумағында құрылыс салуды жобалауға техникалық тапсырманы әзірлеу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Астана қаласының әкімдігі, ҚТКШІА 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
45. Көрме объектілерін салу кезінде бірегей құрылыс және басқа да жаңа материалдар мен технологияларды және Астана қаласының инфрақұрылымын қолдану және пайдалану бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі, ҚТКШІА, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы маусым Талап етілмейді
46. ЭКСПО-2017 объектілерін салуға бөлінген жер учаскесін сатып алу және «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ-ның жарғылық капиталына беру мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, АУЗР, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы наурыз *Үкіметтің 2013 жылға арналған резерві
47. Астана қаласында және басқа өңірлерде салу үшін қажетті нақты объектілер мен коммуникациялардың тізбесін айқындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚТКШІА 2013 жылғы қазан Талап етілмейді
48. Көрмені өткізуді ескере отырып, Астана қаласының бекітілген бас жоспарына тиісті өзгерістер мен толықтырулар енгізу қажеттілігі мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі, Қаржымині, ҚТКШІА 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
«Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 тақырыбын дамыту жөніндегі іс-шаралар
49. Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын әзірлеу жөніндегі ұсыныс Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Қоршағанортамині, ИЖТМ, ҚТКШІА, БҒМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек Талап етілмейді
50. Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын Мемлекеттік комиссияға таныстыру Таныстырылым Қоршағанортамині, ИЖТМ, ҚТКШІА, БҒМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қыркүйек Талап етілмейді
51. «Қазақстан Республикасының 2013–2017 жылдарға арналған таза энергия көздерін әзірлеу» ғылыми-техникалық бағдарламасын әзірлеу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ, Қаржымині, ИЖТМ, Қоршанаортамині 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
52. Болашақ энергиясын дамытудың 2013 – 2017 жылдарға арналған кешенді жоспарының жобасын бекіту Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы Қоршағанортамині, ИЖТМ, ҚТКШІА, БҒМ, МГМ, «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы қазан Талап етілмейді
53. Көрме тақырыбымен байланысты қазақстандық бастамаларды (энергиялық-экологиялық стратегия, «Жасыл көпір», Қазақстанның «жасыл экономикаға» өту стратегиясы) осы Ұлттық жоспармен біріктіру бойынша ұсыныстар енгізу, сондай-ақ олардың халықаралық алаңдарда кешенді ілгерілеуін қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат Қоршағанортамині, ИЖТМ, БҒМ, СІМ 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
54. Конференциялар мен форумдарға қатысу мәселесін пысықтау:
- «Болашақ энергиясы» ЭКСПО-2017 тақырыбын Астана экономикалық форумының панельді сессияларында дамыту;
- Қазақстанның индустрияландыру күні шеңберінде «Болашақ энергиясы» тақырыбына халықаралық конференцияларды (көрме-форум) ұйымдастыру және өткізу;
- Абу-Дабидегі (Біріккен Араб Әмірліктері) болашақ энергиясы дүниежүзілік форумына және Женевадағы (Швейцария) болашақ энергиясы бойынша еуропалық форумға жыл сайын қатысу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, ЭДСМ, БҒМ, ИЖТМ, Қоршағаортамині, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы наурыз Талап етілмейді
55. Астана қаласында «Жасыл көпір» жыл сайынғы халықаралық көрмелер мен конференцияларды өткізу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Қоршағанортамині, Қаржымині, ИЖТМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
56. «Болашақ энергиясы» тақырыбы бойынша оқушылар, студенттер және абитуриенттер үшін тақырыптық оқу бағдарламаларын әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат БҒМ, ИЖТМ, Қоршағанортамині 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
Туризмді дамыту жөніндегі іс-шаралар
57. Астанадан 30 шақырымға дейінгі радиуста орналасқан елордамен шектесетін елді мекендерде Олимпиада қалашығы үлгісіндегі эко- және этноауылдарды құру бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, ҚТКШІА, ИЖТМ, Қоршағанортамині, ЖРБА 2014 жылғы тамыз Талап етілмейді
58. Төсек орындарының санын көрсете отырып, Қазақстан Республикасының қонақүй кешендерін, демалыс үйлерін және сауықтыру орталықтарын енгізудің және кеңейтудің
2013–2017 жылдарға арналған жоспарының жобасын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, ҚТКШІА, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы тамыз Талап етілмейді
59. Қонақүй қызметтерін көрсететін объектілердің сыйымдылығын ұлғайту мақсатында оларды салу және реконструкциялау жобаларын жеңілдікті қаржыландыру бойынша ұсыныстарды әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, ҚТКШІА 2014 жылғы наурыз Талап етілмейді
60. ЭКСПО-2017 өткізуді есепке ала отырып, Астана қаласын маркетингтеу және брендтеу тұжырымдамасын әзірлеуді қоса алғанда, Туризм, оның ішінде экотуризм саласын дамыту бойынша тұжырымдама жобасын әзірлеу туралы ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, Қоршағанортамині, ККМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы тамыз Талап етілмейді
61. Ұлттық брендті құру мүмкіндігімен не жол маңы сервисінің атақты брендтері мен франшиздерін тарта отырып, 2016 жылға қарай Астана-Щучье және Астана-Қарағанды тас жолдарын жол маңы сервисінің заманауи пункттерімен қамтамасыз ету және жарақтау бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ИЖТМ, ККМ, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Ақмола және Қарағанды облыстарының әкімдіктері, ЖРБА 2013 жылғы желтоқсан Талап етілмейді
62. Көрме қонақтарын өңірлерде қолайлы болуын қамтамасыз ету бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ 2013 жылғы тамыз Талап етілмейді
Астана қаласын дайындау және Қазақстанның өңірлерін тарту жөніндегі іс-шаралар
63. Инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды қамтамасыз ете отырып, Астанада салынуы жоспарланған ЭКСПО-2017 аумағымен шектесетін ЭКСПО-сити тұрғын алаптарының құрылысын салу жобасын әзірлеу жөнінде ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Астана қаласының әкімдігі, ҚТКШІА, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2014 жылғы маусым Талап етілмейді
64. ЭКСПО-2017 тұрғын объектілерін Астана қаласының тұрғын үй қорына беру және пайдалану тәртібі бойынша ұсыныстарды әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат Ұйымдастыру комитеті, Қаржымині, Астана қаласының әкімдігі, ҚТКШІА, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы желтоқсан Талап етілмейді
65. ЭКСПО-2017 қызмет көрсетуге, ұйымдастыруға және өткізуге салу үшін қажетті Астана қаласында және басқа да өңірлерде нақты объектілердің және коммуникациялардың тізбесін айқындау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы маусым Талап етілмейді
66. Индустриялық парк пен «Астана – жаңа қала» АЭА-ның бекітілген аумағын кеңейтудің орындылығы туралы ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, Астана қаласының әкімдігі 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
67. Әлемдік тәжірибе негізінде көрмені өткізу кезінде, одан кейін де тікелей және жанама кірістерді алудың қосымша резервтерін іздеу мәселесін пысықтау Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат ЭДСМ, Қаржымині, «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
68. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының көрмеге қатысу жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы тамыз Талап етілмейді
69. Индустрияландырудың өңірлік карталарын Ұлттық жоспармен түзету Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат ИЖТМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы тамыз Талап етілмейді
ЭКСПО-2017 ұйымдастыру және өткізу жағдайларында шағын және орта бизнесті дамыту жөніндегі іс-шаралар
70. Мыналарды:
- «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасын жаңа бағыттармен толықтыруды;
- көрме мақсаттары үшін жеткізілетін ШОБ объектілерінің тауарлары мен көрсетілетін қызметтерінің сапасын арттыруды қамтамасыз ететін ЭКСПО-2017 халықаралық мамандандырылған көрмесін ұйымдастыруға және өткізуге шағын және орта бизнес субъектілерін тарту жөніндегі егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын әзірлеу
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ЭДСМ, Қаржымині, АШМ, ИЖТМ 2013 жылғы маусым Талап етілмейді
71. Астана және Алматы қалаларының қалалық шекараларынан тыс жерлерде танымал қазақстандық және әлемдік брендтерді төмен бағалармен көтерме-бөлшектеп саудалау орталықтарын ашу бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), Қаржымині, ЭДСМ, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы мамыр Талап етілмейді
72. Көрмені өткізу кезінде тамақ өнімдерімен қамтамасыз ету бойынша шаралар кешенін әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, АШМ 2013 жылғы қыркүйек Талап етілмейді
73. Көрмені өткізуге дайындалу үшін өңірлер арасында автомобиль, темір жол және әуе көлігін дамыту бойынша ұсыныстар әзірлеу Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігіне ақпарат ККМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері, «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша) 2013 жылғы маусым Талап етілмейді
74. ЭКСПО-2017 ұйымдастырудың және өткізудің әлеуетін есепке ала отырып, Астанада және басқа да өңірлерде бизнес-инкубаторлар, технопарктер және ғылыми-технологиялық алаңдар желісін құру бойынша ұсыныстар енгізу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат «Астана ЭКСПО-2017» ұлттық компаниясы» АҚ (келісім бойынша), ИЖТМ, АШМ, Қоршағанортамині, БҒМ, облыстар, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері 2013 жылғы қыркүйек Талап етілмейді
Ақпараттық жария ету және сүйемелдеу жөніндегі іс-шаралар
75. Ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөнінде 2013 жылға арналған жедел медиа-жоспарды әзірлеу Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат МАМ, мүдделі мемлекеттік органдар 2013 жылғы қаңтар Талап етілмейді
76. Ел ішіндегі және халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөніндегі 5 жылдық медиа-жоспарды әзірлеу және бекіту Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат МАМ, СІМ, мүдделі мемлекеттік органдар 2013 жылғы ақпан Талап етілмейді
77. Ел ішіндегі және барлық халықаралық алаңдардағы іс-шараларды жария ету жөніндегі медиа-жоспардың жыл сайын әзірленуін қамтамасыз ету Медиа-жоспар МАМ
СІМ
тамыз, жыл сайын Талап етілмейді
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
Әділетмині               - Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі
СІМ                      - Қазақстан Республикасы Сыртқы істер                             министрлігі
ИЖТМ                     - Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа                             технологиялар министрлігі
МАМ                      - Қазақстан Республикасы Мәдениет және                             ақпарат министрлігі
Полная версия
ИС BestProfi