1. Қоса беріліп отырған:
Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 09.07.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі, жергілікті атқарушы органдар көрсететін білім және ғылым саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 31 тамыздағы № 1119 Қаулысы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 34-бабына, «Әкімшілік рәсімдер туралы» Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1, 15-2-баптарына және «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 2), 3) тармақшаларына, 29-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1) «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызмет стандарты;
2) «Жетімдерді, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды әлеуметтік қамсыздандыруға арналған құжаттарды ресімдеу» мемлекеттік қызмет стандарты;
3) «Жоғары білім алу үшін білім беру гранттарын беруге арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
4) «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантына құжаттар қабылдау және тағайындау» мемлекеттік қызмет стандарты;
5) «Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға арналған конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
7) «Жоғары, жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруге лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
8) «Діни білім беретін бiлiм беру ұйымдарына лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
9) «Мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама өткізуге арналған құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
10) «Техникалық және кәсiптік бiлiм беру бағдарламалары бойынша бiлiм беру қызметіне лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқаларын беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
11) «Қазақ тілін білу деңгейін бағалауға (ҚАЗТЕСТ) құжаттарды қабылдау және қатысу» мемлекеттік қызмет стандарты;
12) «Жоғары білім беретін білім беру ұйымдарында экстернат нысанында оқуға рұқсат беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
13) «Кәсіптік жоғары білімнің білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
14) «Жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша оқыту үшін жоғары оқу орындарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
15) «Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындарында оқитындарға жатақхана беру» мемлекеттік қызмет стандарты;
16) «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты;
Полная версия