Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 70 Қаулысы
Тақырып  өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
"Экспорттық бақылау туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі бекітілсін
1-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
2. Осы қаулы 2008 жылғы 9 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2008 жылғы 25 қаңтардағы
N 70 қаулысымен
бекітілген
Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі
Тақырып  өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
1.Осы Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) өнімді (бұдан әрі - өнім) Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беру тәртібін айқындайды
1-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
2. Өнімді Қазақстан Республикасының аумағынан тыс жерде қайта өңдеуге рұқсат беруді (бұдан әрі - рұқсат) экспорттық бақылау саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) жүзеге асырады.
2-тармақ өзгертілді ҚР № 379 қаулысымен 19.04.2013 жылғы ( 25.01.2008 ж редакциясын қараңыз )
3. Қазақстан Республикасының жеке және заңды тұлғалары, шетелдіктер, азаматтығы жоқ адамдар, шетелдік заңды тұлғалар және халықаралық ұйымдар (бұдан әрі - өтініш беруші) рұқсат алудың субъектілері болып табылады.
4. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Ережеде белгіленгеннен өзге ережелер белгіленген болса, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
5. Рұқсат 1-қосымшаға сәйкес белгіленген нысандағы бланкіде ресімделеді.
6. Рұқсат алу үшін мынадай құжаттар қажет:
1) осы Ережеге 2-қосымшаға сәйкес белгіленген үлгідегі рұқсат алуға өтініш;
2) заңды тұлға үшін – өтініш берушінің заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
3) жеке тұлға үшін - жеке басын куәландыратын құжат;
4) дара кәсіпкер үшін - өтініш берушінің дара кәсіпкер ретінде мемлекеттік тіркелгені туралы куәлік;
Полная версия
ИС BestProfi