Близость слов: Окончание:





Документ показан в демонстрационном режиме!
Осы редакция 05.06.2013 жылы енгізілген өзгерістерге дейін қолданылды.
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесін бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 28 қарашадағы № 1382 Қаулысы
«Этил спиртi мен алкоголь өнiмiнiң өндiрiлуiн және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 16 шiлдедегі Заңының 3-1-бабының 2) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының 
       Премьер-Министрі                            К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
 Үкіметінің
 2011 жылғы 28 қарашадағы
 № 1382 қаулысымен
 бекітілген
Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспорты үшін қажетті мәліметтер тізбесі
1. Этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіруші (бұдан әрі – өндіруші) әзірлеген және бекіткен және басшы не ол өкілеттік берген адам қол қойған этил спиртi мен алкоголь өнiмiн өндіру паспортында (бұдан әрі – паспорт) мынадай мәліметтер қамтылады:
1) өндірушінің (заңды тұлғаның немесе дара кәсiпкердiң) атауы;
2) өндірушіні мемлекеттік тіркеу немесе қайта тіркеу туралы куәліктің нөмірі мен берілген күні, куәлікті берген органның атауы;
4) өндіруші басшысының деректері (өндірушіде өндіріс басшысы болған жағдайда оның деректерін (тегін, аты-жөнін, қызметтік телефоны мен факсының нөмірін) көрсету керек);
5) өндірушінің қызметті жүзеге асыру орны (өндірістің орналасқан жері, пошталық мекенжайы, электрондық мекенжайы (болған жағдайда);
6) «Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңына (бұдан әрі – Ұлттық тізілімдер туралы заң) сәйкес табыс ету кезінде:
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілгенге дейін СТН – салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
Ұлттық тізілімдер туралы заңның 3-бабы 4-тармағының 4) тармақшасы қолданысқа енгізілген күннен бастап ЖСН – жеке сәйкестендіру нөмірі / БСН – бизнес-сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде толтырылуға тиіс;
7) кәсiпорындар мен ұйымдардың жалпы жіктеуішінің (КҰЖЖ) коды;
8) қызмет көрсететін банктің атауы, есеп шоты, жеке сәйкестендіру коды (ЖСК);
Полная версия
ИС BestProfi