Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 15.09.2017
"Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 753 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды ҚР Үкіметінің 15.09.2017 жылғы № 560 Қаулысына сәйкес
1. «Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдік берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 753 қаулысына қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 21 маусымдағы № 813 қаулысымен бекітілген
Республикалық бюджеттен берілген несиелерді, сондай-ақ мемлекет кепілдiк берген қарыздардың шеңберінде республикалық бюджеттен оқшауландырылған қаражатты қайтару және қайта құрылымдау жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы
Жәмішев Болат Бидахметұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы министрі, төраға |
Теңгебаев Ардақ Мырзабайұлы | – | Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі, төрағаның орынбасары |
Шәріп Динара Жалғасқызы | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаменті бюджеттік кредит беру басқармасының басшысы, хатшы |
Рау Альберт Павлович | – | Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар бірінші вице-министрі |
Толыбаев Марат Еркінұлы | – | Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі |
Оразов Самиғолла Хамзаұлы | – | Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжілісі Қаржы және бюджет комитетінің мүшесі (келісім бойынша) |
Сағиев Ильдар Ізтұрғанұлы | – | Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Әлеуметтік-экономикалық мониторинг бөлімі меңгерушісінің орынбасары (келісім бойынша) |
Кадюков Николай Викторович | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары |
Хайдаргалиева Шолпан Ахметқызы | – | Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі Мұнай-химия және техникалық реттеу департаментінің директоры |
Есенов Амангелді Сағындықұлы | – | Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Бюджеттік кредиттеу, Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры және қаржы секторы мәселелері бойынша өзара іс-қимыл департаментінің директоры |
Жолдыбай Мақсат Орынбекұлы | – | Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Мемлекеттің мүліктік құқықтарын қорғау департаментінің директоры |
Жамаубаев Ерұлан Кенжебекұлы | – | Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Үйлестіру департаментінің директоры (келісім бойынша) |
Күшібаев Мұрат Шәменұлы | – | Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) Сыбайлас жемқорлық туралы істерді ашу және оның алдын алу департаменті 3-ші басқармасының бастығы (келісім бойынша) |
Базгенова Майкен Ұсынбайқызы | – | Қазақстан Республикасы Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі (қаржы полициясы) Экономикалық және қаржылық қылмыстарды ашу департаменті 5-ші басқармасының бастығы (келісім бойынша) |
Сұлтанғазиев Қанат Елеусізұлы | – | «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Күзембаева Маржан Бопайқызы | – | «Оңалту және активтерді басқару компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрайымы (келісім бойынша) |
Әйтенов Марат Дүйсенбекұлы | – | «Қазақстан Даму Банкі» акционерлік қоғамы басқарма төрағасының орынбасары (келісім бойынша) |
Полная версия