Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Внимание! Документ утратил силу с 13.01.2017
"Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 24 шілдедегі № 740 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2017 жылғы 13 қаңтардан бастап ҚР Үкіметінің 29.12.2016 жылғы № 901 Қаулысына сәйкес
1. «Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1264 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
Мемлекеттің басым құқығын жүзеге асыру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
қатты пайдалы қазбалар мәселелері бойынша:
Тоқтабаев Тимур Серікұлы | - | Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі Жер қойнауын пайдалану департаментінің директоры, хатшы, |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі, |
Бектеміров Қуаныш Әбдіғалиұлы | - | «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша) енгізілсін; |
көмірсутек шикізаты мәселелері бойынша:
Қарабалин Ұзақбай Сүлейменұлы | - | Қазақстан Республикасының Мұнай және газ министрі, төраға, |
Құсайынов Марат Әпсеметұлы | - | Қазақстан Республикасының Экономика және бюджеттік жоспарлау вице-министрі енгізілсін; |
көрсетілген құрамдардан: Еркен Исаханұлы Жақатаев, Абай Мұқашұлы Ескендіров, Сауат Мұхаметбайұлы Мыңбаев шығарылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі C . Ахметов
Полная версия