«Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысы
Редакция 03.07.2017 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары (бұдан әрі – жоспар) бекітілсін.
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, сондай-ақ жоспардың орындалуына жауапты мүдделі ұйымдар:
1) жоспарды іске асыру жөніндегі шараларды қабылдасын;
2) жылдың қорытындысы бойынша 1 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Ресцубликасы Энергетика министрлігіне жоспардың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
2-тармақша өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 969 Қаулысымен (31.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі жылдың қорытындысы бойынша 20 ақпаннан кешіктірмей Қазақстан Республикасының Үкіметіне жоспардың іске асырылу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
3-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 969 Қаулысымен (31.07.2013 ж. редакцияны қараңыз)
4. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесі жылдың қорытындысы бойынша 20 наурыздан кешіктірмей Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жоспардың орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне жүктелсін.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер - Министрі С . Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 – 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары
Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 04.09.2014 жылғы № 969 Қаулысымен (31.07.2013 ж. редакцияны қараңыз) Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.04.2015 жылғы № 273 Қаулысымен (04.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 15.09.2015 жылғы № 780 Қаулысымен (23.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) Жоспар өзгертілді ҚР Үкіметінің 03.07.2017 жылғы № 413 Қаулысымен (15.09.2015 ж. редакцияны қараңыз)
|
Р/с |
Іс-шараның атауы |
Аяқтау нысаны |
Орындауға жауаптылар |
Орындау мерзімі |
Қажетті қаржыландыру көлемі |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
|
1. Нормативтік-құқықтық, институционалдық және кадрлық қамтамасыз ету |
|||||
|
«Жасыл экономиканың» нормативтік-құқықтық базасы (оның ішінде, мемлекеттік және салалық бағдарламалар) |
|||||
|
1 |
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын әзірлеу |
Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне |
ЭБЖМ (жинақтау), Қоршағанортамині, ИЖТМ, АШМ, Қаржымині, Әділетмині |
2014 жылғы наурыз |
талап етілмейді |
|
1-1 |
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне парниктік газдарды және озонды бұзатын заттарды реттеу саласындағы экологиялық мәселелер бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Заңы жобасының тұжырымдамасын әзірлеу |
Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ВАК хаттамасы |
ЭМ, Әділетмині, ҰЭМ Қаржымині |
2017 жылғы қыркүйек |
талап етілмейді |
|
2 |
Мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары мен аумақтарды дамыту бағдарламаларын Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманың ережелеріне сәйкес келтіру |
ЭМ-ге ақпарат |
ҰЭМ (жинақтау), ЭМ, АШМ, ИДМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
тұрақты |
талап етілмейді |
|
3 |
Салалық бағдарламаларды Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес келтіру |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
ЭБЖМ (жинақтау), МГМ, ИЖТМ, АШМ, Қоршағанортамині |
2014 жылғы сәуір |
талап етілмейді |
|
4 |
Аумақтарды дамытудың өңірлік бағдарламаларына Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдама ережелеріне сәйкес «жасыл экономикаға» көшу жөніндегі іс-шараларды енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпарат |
Қоршағанортамині (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2013 жылғы желтоқсан |
талап етілмейді |
|
Институционалдық қамтамасыз ету |
|||||
|
5 |
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңесті құру бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне ұсыныстар |
Қоршағанортамині (жинақтау), ЭБЖМ |
2013 жылғы тамыз |
талап етілмейді |
|
5-1 |
"Жасыл экономикаға" көшу жөніндегі ұлттық баяндаманы әзірлеу |
Ұлттық баяндама |
ЭМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар |
3 жылда 1 рет |
талап етілмейді |
|
6 |
Энергия аудиттері нәтижелерін, ірі кәсіпорындар шығарындыларының деңгейі мен құрамын, су ресурстары жай-күйінің көрсеткіштерін, ауыл шаруашылығының өнімділігін, ҚТҚ және өнеркәсіп қалдықтары қоқыстарының жай-күйін және басқаларын қоса алғанда, «Жасыл экономиканың» барлық индикаторлары бойынша жалпымемлекеттік және ведомстволық статистикалық ақпаратты, сондай-ақ әкімшілік деректерді жедел жинауды және оның ашықтығын жетілдіру жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеу |
СА бұйрығы |
СА (жинақтау), Қоршағанортамині |
2014 жылғы 3-тоқсан |
талап етілмейді |
|
7 |
Статистикалық жұмыстар жоспары шеңберінде Қазақстан Республикасының «Жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды бағалау және бақылау үшін қажетті статистикалық деректерді жинауды тұрақты негізде қамтамасыз ету |
ЭМ-ге ақпарат |
ҰЭМ СК |
үнемі |
талап етілмейді |
|
8 |
Экономикалық даму деңгейін, экологиялық жағдайды, халықтың денсаулығын, таза сумен қамтамасыз етуді және басқаларын қамтитын өңірлер үшін халықтың өмір сүру деңгейінің кешенді "жасыл" көрсеткішін әзірлеу |
кешенді "жасыл" көрсеткіштің моделі |
ЭМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2017 жылғы желтоқсан |
БҰҰДБ |
|
9 |
Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) |
||||
|
«Жасыл экономикаға» көшуді кадрлық қамтамасыз ету |
|||||
|
10 |
«Жасыл экономика» үшін кадрларды дайындау бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысын бөлу |
БҒМ бұйрығы |
БҒМ |
жыл сайын маусым |
020 «Жоғары білімді мамандарды дайындау және білім алушыларға әлеуметтік көмек көрсету» бағдарламасы бойынша мемлекеттік тапсырыс шеңберінде |
|
11 |
2020 жылға дейін өңірлер мен мамандықтар бөлінісінде өнеркәсіптік кластерлерде еңбек ресурстарына қажеттілікті бес өндірістік кластерде айқындау |
ДСӘДМ-ге ақпарат |
ЭМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
2013 - 2020 жылдар |
талап етілмейді |
|
12 |
«Электр энергетикасы», «Жылу энергетикасы», «Ауыл шаруашылығын электрмен қамтамасыз ету» мамандықтарының білім беру бағдарламаларына қоршаған ортаны қорғау және ресурстардың өнімділігі мәселелері бойынша элективті курстарды қосу мәселесін пысықтау |
Қоршағанортаминіне ұсыныстар |
БҒМ |
2014 жылғы желтоқсан |
талап етілмейді |
|
13 |
«Жасыл экономикаға» көшу шеңберінде ЖОО-ларда «Экология және орнықты даму» пәнінің мазмұнын жетілдіру мәселесін пысықтау |
Қоршағанортаминіне ақпарат |
БҒМ |
2013 жылғы қазан |
талап етілмейді |
|
14 |
Жергілікті атқарушы органдардың мамандары үшін «жасыл экономика» бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
БҒМ |
2013 жылғы желтоқсан |
талап етілмейді |
|
15 |
Шетелдік мамандарды шақыра отырып, «жасыл экономика» мәселелері бойынша ғылыми конференциялар мен семинарлар, «дөңгелек үстелдер» ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
БҒМ (жинақтау), Қоршағанортамині, МҚІА (келісім бойынша) |
2013 жылғы желтоқсан |
талап етілмейді |
|
16 |
Мемлекеттік қызметшілер үшін "жасыл экономикаға" мәселелері бойынша біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар енгізу |
ЭМ-ге ақпарат |
МҚІСҚА |
жыл сайын |
талап етілмейді |
|
17 |
"Жасыл экономика" салалары бойынша ғылыми жобаларға одан әрі коммерцияландыру үшін неғұрлым тиімді жобаларды айқындаумен мониторинг жүргізу |
ЭМ-ге ақпарат |
БҒМ |
тұрақты |
талап етілмейді |
|
18 |
Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) |
||||
|
Ақпараттық қолдау |
|||||
|
19 |
Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруды бағалау және бақылау, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын іске асыруға байланысты экономикадағы өзгерістерді болжау үшін экономикалық модельді әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу |
Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар |
ЭБЖМ (жинақтау), Қоршағанортамині |
2013 жылғы желтоқсан |
талап етілмейді |
|
20 |
Жол алынып тасталды (ескертуді қараңыз) |
||||
|
21 |
Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру барысын ақпараттық қамтамасыз ету |
бірыңғай республикалық медиа-жоспар |
АКМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері |
тұрақты |
талап етілмейді |
|
21-1 |
"Жасыл көпір" әріптестік бағдарламасын және Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы ақпараттық қолдау үшін "Жасыл көпір" интернет-ресурсын дамыту және сүйемелдеу |
атқарылған жұмыстар актісі |
ЭМ |
тұрақты |
РБ |
| 2. Су ресурстарын орнықты пайдалану шаралары | |||||
| Суды пайдаланудың тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шаралар | |||||
| 22 | Мыналарды: - пайдаланылатын ауыл шаруашылығы дақылдарын суғару тиімділігін арттыруға, су сыйымдылығын төмендетуге, суару арналарындағы ысырапты азайтуға бағытталған шараларды; - өнеркәсіпте суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды; - сумен жабдықтау және суды бұрудың муниципалды кәсіпорындарының суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды; - 2015, 2020, 2025 жылдарға және қорытынды 2040 жылға белгіленген аралық мақсаттармен салыстыру арқылы көрсетілген секторларда суды пайдалану тиімділігін арттыру бойынша шараларды іске асыру тиімділігін үнемі қадағалау тетігін; - сутехникалық құрылыстарды салу мен жаңғыртуға арналған операциялық шығындарды және күрделі шығыстарды толық өтеуге, сондай-ақ суды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған ынталандыру шаралары бойынша ұсыныстар әзірлеуді; - сумен жабдықтауды жақсартуға (мысалы, дамбалар салу, оның ішінде мемлекеттік – жеке меншік әріптестік негізінде) бағытталған неғұрлым қолайлы инфрақұрылымдық жобаларды инвестициялық бағалауды, басымдық беруді және олардың қысқа тізімін құруды қамтитын суды пайдаланудың тиімділігін арттыруға бағытталған 2014 - 2040 жылдарға арналған Су ресурстарын басқарудың мемлекеттік бағдарламасын әзірлеу | Қазақстан Республикасының Президентінің Жарлығының жобасы Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне | Қоршағанортамині (жинақтау), ӨДМ, АШМ, ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2013 жылғы қазан | талап етілмейді |
| 23 | Табиғи монополиялар субъектілерінің тұтынушыларға жеке және жалпыүйлік су тұтынуды есептеу аспаптарын орнатуды қамтамасыз ету жөнінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген шаралар қабылдау | Қоршағанортаминіне ақпарат | ӨДМ (жинақтау), ТМРА, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері | 2013 жылғы желтоқсан | талап етілмейді |

