Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 23.11.2015
"Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 786 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 23 қарашадан бастап ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
1. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 25 қазандағы № 1358 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 75-76, 1113-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидаларында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Осы Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау және оның шығындарын өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасының Кодексі 34-бабының 4-тармағына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін (бұдан әрі – ТМККК) көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыру және мемлекеттік мекемелерді қоспағанда, тиісті лицензиясы бар денсаулық сақтау субъектілерінің шығындарын бюджет қаражатының есебінен өтеу тәртібін айқындайды.»;
1 және 2-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) әлеуетті қызметтер беруші – ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге шарт жасасуға үміткер заңды (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға;
2) бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі (бұдан әрі – әкімші) – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі не облыстардың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДБ);
3) денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – азаматтардың денсаулығын сақтау, медициналық және фармацевтикалық ғылым, медициналық және фармацевтикалық білім беру, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы, дәрілік заттардың, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканың айналысы, медициналық қызметтер көрсету сапасын бақылау саласындағы басшылықты жүзеге асыратын мемлекеттік орган;
4) қызметтер берушіні таңдау жөніндегі комиссия (бұдан әрі – Комиссия) – осы Қағидаларға сәйкес ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау рәсімін орындау үшін тапсырыс беруші құратын тұрақты жұмыс істейтін алқалы орган;
5) қызметтер беруші – ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге шарт жасалған заңды (мемлекеттік мекемелерді қоспағанда) немесе жекеше медициналық практикамен айналысатын жеке тұлға;
6) тапсырыс беруші – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес республикалық немесе жергілікті бюджет қаражатының есебінен ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдауды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің атынан әрекет ететін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық қызметке ақы төлеу комитетінің аумақтық департаменті (бұдан әрі – МҚАК АД) немесе тиісті облыстың, Астана және Алматы қалаларының денсаулық сақтау басқармалары (бұдан әрі – ДБ);
7) ТМККК көрсету жөніндегі қызметтер берушіні таңдау (бұдан әрі – қызметтер берушіні таңдау) – осы Қағидалардың 4 және 5-тармақтарының қойылатын талаптарына сәйкес келетін әлеуетті қызметтер берушілерді айқындауға және ТМККК шеңберінде медициналық қызметтер көрсетуге қызмет берушілермен шарттар жасаса отырып, ТМККК орналастыруға бағытталған өзара байланысты дәйекті іс-шаралар кешенінен тұратын рәсім;
8) ТМККК орналастыру – пациенттің еркін таңдау құқығын іске асыруды есепке ала отырып, олармен кейін түзетуді келісу бойынша әлеуетті қызметтер берушіге медициналық қызметтердің көлемін айқындау;
9) ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – шарт) – осы Қағидаларға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес тапсырыс беруші мен қызметтер берушінің арасында жасалған ТМККК шеңберінде қызметтер көрсетуге арналған азаматтық-құқықтық шарт;
10) келісілген көлем – әкімші бөлген бюджет қаражатының шегінде шарт бойынша қызметтер берушінің көрсетуі жоспарланған, қызметтер беруші мен тапсырыс берушінің арасында келісілген медициналық көмектің түрлері мен нысандары бойынша медициналық қызметтердің саны;
11) емделіп шығу жағдайы – стационарлық және стационарды алмастыру жағдайларында пациентке түскен сәтінен бастап шыққанға дейін көрсетілген медициналық қызметтер кешені.
2. Қызметтер берушіні таңдау мынадай қағидаттарды сақтай отырып жүргізіледі:
Полная версия
ИС BestProfi