Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Внимание! Документ утратил силу с 19.06.2021
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 582 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2021 жылғы 19 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 04.06.2021 жылғы № 375 Қаулысына сәйкес
Редакция 29.10.2015 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 6 маусымдағы № 582 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1. Күші жойылды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 12.11.2013 жылғы № 1207 Қаулысымен (06.06.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммунобиологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды, медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 30 қазандағы № 1729 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 47-48, 444-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін көрсету бойынша дәрілік заттарды, профилактикалық (иммундық-биологиялық, диагностикалық, дезинфекциялық) препараттарды медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы, фармацевтикалық қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру және өткізу ережесінде:
39-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);»;
78-тармақтың үшінші бөлігі 1) тармақшасының бесінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәліктің нотариат куәландырған көшірмесі не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, жеке куәліктің немесе төлқұжаттың көшірмесі (кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке тұлға үшін);»;
132-3-тармақтың 3) тармақшасының екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Егер шетелдік өндірушінің (өндіруші-зауыт) Қазақстан Республикасының аумағында өкілдігі/филиалы болған жағдайда, онда өкілдікті/филиалды есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік не заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтама, өкілдік/филиал туралы ереже ғана ұсынылады;».
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Үкіметінің 29.10.2015 жылғы № 862 Қаулысымен (12.11.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 12.11.2015 жылы № 217 28695 „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
Полная версия