ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 541 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметі актілерінің жинағында жариялануға тиіс
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін өзгерістер бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 541 Жарлығымен БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір жарлықтарына енгізілетін ӨЗГЕРІСТЕР
1. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
1-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (15.04.2013 ж. редакцияны қараңыз)
2. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат):
1) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының ішкі қызмет жарғысында:
70-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрлігі, Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің, бас басқармаларының (басқармаларының), басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың орталық басқару органдарының бастықтарын, сондай-ақ әскери бөлімге шақырылған құрметті келушілерді әскери бөлім (кеме) командирі қарсы алады, өзін таныстырады және оларға әскери бөлімнің (кеменің) орналасқан жері бойынша ілесіп жүреді.»;
111-тармақтың он төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«жұмсалмайтын қордың қару-жарағын, әскери және басқа да техникасын, басқа да материалдық құралдарын сақтаудан алуды және пайдалануды тек Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрықтары бойынша жүзеге асыруға;»;
284-тармақтың екінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Тексерулерді Қорғаныс министрі, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, әскери бөлімнің командирі немесе олардың тапсырмасы бойынша адамдар кенеттен және белгіленген шектеулермен жүзеге асырады.»;
321-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«321. Кезекші күштер мен құралдардың құрамы, олардың міндеттері мен жауынгерлік әзірлік дәрежесі, жауынгерлік кезекшілікті атқару ұзақтығы, тәртібі, жеке құрамды, қару-жарақты, әскери және басқа да техниканы жауынгерлік кезекшілікке түсуге даярлау тәртібі және оларды ауыстыру осы жарғының, Қорғаныс министрі, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары және арнайы әскерлер бастықтары бұйрықтарының талаптарына сәйкес әскери бөлім командирінің бұйрығымен айқындалады.»;
324-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«324. Жауынгерлік кезекшілікке түсу тәртібі Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар тиісті басшыларының, әскер түрлері бас қолбасшыларының, әскерлер тектері, өңірлік қолбасшылықтар әскерлері қолбасшыларының және арнайы әскерлер бастықтарының бұйрықтарымен айқындалады.»;
328-тармақтың бірінші және екінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«328. Лауазымды адамдардың жауынгерлік кезекшілікті тексеру өкілеттіктерін, кезеңділігі мен тәртібін Қорғаныс министрі, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары айқындайды.
Жауынгерлік кезекшіліктің атқарылуын тексеруді Қорғаныс министрі, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің, өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, арнайы әскерлер бастықтары, әскери бөлімдердің командирлері немесе олардың тапсырмасы бойынша адамдар жүзеге асырады, ол үшін жауынгерлік кезекшіліктің атқарылуын тексеру жоспары әзірленеді.»;
399-тармақтың төртінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қажет болған кезде Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар басшыларының бұйрығы бойынша кейбір әскери бөлімдерде бақылау-өткізу пункті бойынша тәуліктік кезекшілер мен кезекшінің көмекшілері, ротаның тәуліктік наряды және парк бойынша тәуліктік кезекшілер екі оқжатары бар автоматтармен (карабиндермен) қарулануы мүмкін.»;
ішкі қызмет жарғысына 5-қосымшада:
27-тармақтың жетінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«Әскери бөлімді тарату кезінде жауынгерлік ту мен грамота экспонаттау және сақтау үшін қысқаша тарихи анықтамасымен бірге құпия тәртіппен Қарулы Күштердің Бас штабы және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың уәкілетті органдары арқылы фельдбайланыспен мұражайларға жөнелтіледі. Ордендер мен оларға құжаттар белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының Президентіне қайтарылады.»;
2) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысында:
2-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Гарнизонның шекаралары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен айқындалады. Анағұрлым үлкен гарнизонның құрамына оған жақын жатқан елді мекендерде орналасқан барлық әскери бөлімдер енгізіледі. Осы шекараларға жақын жатқан басқа да елді мекендер енгізілуі мүмкін.»;
7 және 8-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Әрбір гарнизонда Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен, әдетте, Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдерінің командирлері қатарынан гарнизон бастығы тағайындалады, қажет болған кезде: гарнизонның штаб бастығы, гарнизон бастығының тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар жөніндегі орынбасары, гарнизон бастығының тыл жөніндегі орынбасары, гарнизон әкімшілігінің басқа да адамдары тағайындалуы және олардың міндеттері айқындалуы мүмкін (1-қосымша).
Басқа да әскерлер мен әскери құралымдар әскери бөлімдерінің командирлері атқарып отырған лауазымы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери бөлімдері командирлерінен жоғары болған гарнизондарда гарнизондардың бастықтары басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшыларымен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының бұйрығымен тағайындалады.
8. Гарнизон бастығы лауазымға кіріскені туралы бұйрықта жариялайды, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды, сондай-ақ ол туралы жергілікті мемлекеттік басқару органдарына жазбаша түрде хабарлайды.»;
11-тармақта:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Гарнизондық және қарауылдық қызметтер мәселелері бойынша гарнизон бастығы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына бағынады және осы мәселелер бойынша гарнизонның әскери қызметшілері үшін тікелей бастық болып табылады. Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына бағынады.»;
төртінші бөліктің алтыншы және жетінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығына гарнизондық қарауылдар кестесін (2-қосымша), сондай-ақ төтенше жағдай жарияланған кезде гарнизонның аумақтық қорғаныс бөлімдерімен (бөлімшелерімен), басқа да әскерлерімен және әскери құралымдарымен өзара іс-қимыл жасау, гарнизонды өртке қарсы қорғау жоспарларын бекітуге ұсынуға, гарнизонның шекаралары туралы ұсыныстар енгізуге;
Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының нұсқауы бойынша жұмылдыру жарияланған және әскерлер жауынгерлік әзірліктің жоғары деңгейіне келтірілген кезде гарнизонның іс-шаралар жоспарын әзірлеуге, оның орындалуын қамтамасыз етуге;»;
12 және 13-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Гарнизон бастығы гарнизон орналасқан жерге келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қорғаныс министрі мен оның орынбасарларын, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың бірінші басшыларын, гарнизон орналасқан аумақтағы өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысын қарсы алады, баяндайды және оларға ілесіп жүреді.
Ақмола және Алматы гарнизондарының бастықтары көрсетілген адамдарды Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының ерекше нұсқауы бойынша қарсы алады.
Гарнизонға Қарулы Күштер Бас штабы бастығының орынбасарлары, орталық әскери басқару органдары департаменттерінің (бас басқармаларының) бастықтары, әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің қолбасшылары келген жағдайда оларды қарсы алады және өзін таныстырады.
Өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысы өзінің жауапкершілік аймағындағы аумаққа келген: Қазақстан Республикасының Президентін, Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрін, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығын қарсы алады және баяндайды.
13. Гарнизон бастығы гарнизоннан уақытша (демалысқа, ұзақ іссапарға) кеткен кезде өз міндеттерін атқаруды гарнизон бастығы орынбасарларының біреуіне тапсырады, ол туралы гарнизон бойынша бұйрықта жариялайды және Қарулы Күштер Бас штабының бастығына, өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына және өзінің тікелей бастығына баяндайды.
Көрсетілген жағдайларда Ақмола және Алматы гарнизондарында гарнизон бастығының міндеттерін уақытша атқару Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы тағайындаған адамға жүктеледі.»;
45-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«45. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар бірінші басшыларының және Қарулы Күштер Бас штабы бастығының ерекше нұсқауы бойынша шетел мемлекеттерінің өкілдерін қарсы алу және шығарып салу үшін құрметті қарауыл жауынгерлік тумен (Әскери-теңіз жалауымен) өрістетілген екі қатарлы сапқа тұрғызылады. Ту ұстаушы мен ассистенттер қарауылдың оң жақ қапталынан екі адым, оркестр - жауынгерлік тудан оңға қарай үш адым аралықта тұрады.»;
50-тармақтың екінші бөлігінің төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«Кеңес Одағының Батыры (Социалистік Еңбек Ері), «Халық қаһарманы» атақтарына ие болған, Даңқ ордендерін толық иеленген, «Отан» орденімен наградталған адамдарды, мемлекет алдында ерекше еңбек сіңірген азаматтарды, гепералдарды (адмиралдарды), әскери бөлімдер мен құрамалардың командирлерін жерлеу кезінде - ротаға дейін және одан жоғары, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының (аумағында жерлеу өткізілетін өңірлік қолбасшылық әскерлері қолбасшысының) ерекше нұсқауы бойынша тағайындалады.»;
72-тармақтың екінші және үшінші бөліктері мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің шешімдері негізінде Қорғаныс министрінің, Қарулы Күштер Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар тиісті басшыларының бұйрықтарымен әскери бөлімдер төтенше жағдайлардың салдарын жоюға, адамдардың өмірін құтқару және зардап шеккен халыққа көмек көрсетуге тартылуы мүмкін.
Ерекше жағдайларда әскери бөлімдер гарнизон бастығының шешімімен төтенше жағдайларды жоюға қатысуы мүмкін, ол бұл туралы Қарулы Күштер Бас штабының бастығына, аумағында гарнизон орналасқан өңірлік қолбасшылық әскерлерінің қолбасшысына, сондай-ақ өзінің тікелей бастықтарына дереу баяндайды.»;
123-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«123. Қоймалардың (базалардың, арсеналдардың) техникалық аумағына, өрт қаупі бар және ерекше маңызды объектілерге кіру тәртібін Қарулы Күштер Бас штабының бастығы және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары арнайы ережелерге (нұсқаулықтарға) сәйкес белгілейді.»;
125-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«125. Ерекше жағдайларда әскери және басқа да объектілерді күзету мен қорғау жөніндегі қарауылдық қызметті өткеру тәртібін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы және басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тиісті басшылары қосымша айқындайды.»;
135-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«135. Әскери оқу орындарының гарнизондық, сондай-ақ ішкі қарауылдар кестелері Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабы бастығының және басқа да әскерлері мен әскери құралымдары тиісті басшыларының, ал әскери бөлімдердің ішкі қарауылдар кестелері жоғары тұрған командирдің (бастықтың) бекітуіне ұсынылады.
Кестеге әрбір қарауыл постыларының орналасу схемасы қоса беріледі.»;
187-тармақтың бірінші бөлігінің екінші және үшінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«Қорғаныс министрі, Қарулы Күштер Бас штабының бастығы, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары мен олардың орынбасарлары;
әскер түрлерінің бас қолбасшылары, әскерлер тектерінің және өңірлік қолбасшылықтар әскерлерінің қолбасшылары, Қорғаныс министрлігі мен Қарулы Күштер Бас штабы департаменттерінің, бас басқармаларының, басқармаларының, бөлімдері мен қызметтерінің бастықтары, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың тиісті басшылары - олардың бағынысында болатын күзетілетін объектілердің қарауылдарын;»;
254-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«254. Тасымалдау кезінде қарауыл күзетуге тиіс әскери жүктердің тізбесі, сондай-ақ қарауыл құрамы Қарулы Күштер Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдар тиісті басшыларының бұйрықтарымен айқындалады.»;
268-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«268. Қарауылды ауыстыру Қарулы Күштер Бас штабы бастығының және басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың осыған құқығы бар тиісті басшыларының бұйрығы бойынша жүргізіледі.»;
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына 2-қосымша осы Жарлыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3) жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
27-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қарулы Күштер Бас штабы бастығының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты әскер тегі қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.».
3. «Қазақстан Республикасы Президенті Күзет қызметінің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 7 қыркүйектегі № 147қ Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 53, 742-құжат):
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі туралы» 1995 жылғы 3 қазандағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-1-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН :».
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 15 сәуірдегі № 541 Жарлығына ҚОСЫМША
Гарнизондық және қарауылдық қызметтер жарғысына 2-ҚОСЫМША
БЕКІТЕМІН Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы ______________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі) 201__ж. «__» ___________________________
Қарауылдар кестесі _____________________________________________________________________ (гарнизон атауы)
Постылар саны, қарауыл құрамы | |||||||||||||
Қарауылдар нөмірі | Күзетілетін объктілердің атауы | Сақшылардың үш ауысымымен | Сақшылардың екі ауысымымен | Барлық постылар | Қарауыл иттерінің постылары (блок-постылары) | Қарауыл бастығы | Қарауыл бастығының көмекшісі | Таратушылар | Қарауылдар | ҚБ ТКҚ жөніндегі көмекшісі (ТКҚ операторы) | ҚБ ҚҚИ жөніндегі көмекшісі (ҚИ жетекшісі) | Барлық жеке құрам | Ескертпе |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Гарнизон бастығы _____________________________________________________________________ (әскери атағы, қолы, тегі)
Ескертпе: Ішкі қарауылдар кестесін үлкен бастық бекітеді, оған әскери бөлімнің командирі қол қояды.
7-бағанда қарауылдардың бастығы болып тағайындалатын әскери қызметшінің санаты көрсетіледі, мысалы: 1 офицер, 1 сержант.
Көлік құралының жүргізушісі, жауынгерлік машиналар экипаждары, шығарушылар тағайындалған жағдайда қосымша бағандар қосылады.
Қарауылдар кестесі жыл сайын 1 желтоқсанда, сондай-ақ қарауыл құрамына өзгеріс енгізілген кезде бекітіледі.
Полная версия