Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Президентінің 2013 жылғы 6 мамырдағы № 561 Жарлығы
Редакция 31.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен 
Қазақстан Республикасының
Президенті мен Үкіметі актілерінің
жинағында жариялануға тиіс
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру бекітілсін.
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы
 Президентінің
2013 жылғы 6 мамырдағы
№ 561 Жарлығымен
БЕКІТІЛГЕН
Қазақстан Республикасы Президентінің кейбір актілеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтыру
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігін, Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлерін, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметін және Республикалық ұланды мемлекеттік сәйкестендірудің бірыңғай жүйесін енгізу мақсатында ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: »;
1-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Республикалық ұланның, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарының, құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалаулары, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің және оған бағынысты органдардың жалаулары;»;
2-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің құрамалары мен бөлімдерінің, Республикалық ұланның, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің өңірлік қолбасшылықтарының құрамалары мен бөлімдерінің жауынгерлік жалауларының сипаттамасы (осы Жарлықтың 3- тармағы );»;
1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын :
«1) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара
қызметінің , Ішкі істер министрлігінің , Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің және Республикалық ұланның тулары Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары Шекара қызметі директорының , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің , Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының Республикалық ұлан қолбасшысының кабинеттеріне қойылады , әскерлердің шеруіне және Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің Ішкі істер министрлігінің , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлері мен Республикалық ұланның қатысуымен байланысты басқа да қажетті жағдайларда алып шығарылады ( тігіледі );»;
4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын :
«4) Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары - Шекара қызметі директорының , Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің , Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшысы мен Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі бастығының , Республикалық ұлан қолбасшысының бұйрықтарымен немесе өзге де актілерімен Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің , Ішкі істер министрлігінің , Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің , Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі мен Республикалық ұлан нышандарының бейнелерін міндетті түрде жаңғыртудың басқа да жағдайлары көзделуі мүмкін.».
2. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
2-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 05.05.2017 жылғы № 470 Жарлығымен (06.05.2013 ж. редакцияны қараңыз)
3. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
3-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 31.07.2023 жылғы № 290 Жарлығымен (17.04.2019 ж. редакцияны қараңыз)
5. «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпыәскери жарғыларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 24-25, 207-құжат; 2012 ж., № 51, 686-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының тәртіптік жарғысында:
27 және 28-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«27. Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары комитеті төрағасының, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметі директорының, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлері Бас қолбасшысының, Бас әскери прокурордың орынбасарлары өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты әскер тегі қолбасшысының тәртіптік құқықтарын пайдаланады.
28. Қорғаныс министрінің, Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің, Республикалық ұлан қолбасшысының орынбасарлары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің директоры, Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас Қолбасшысы, Бас әскери прокурор өздеріне бағынысты әскери қызметшілерге қатысты Қарулы Күштер түрі Бас қолбасшысының құқықтарын пайдаланады.».
6. «Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 55, 783-құжат; 2012 ж., № 36, 476-құжат):
жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесінде және сипаттамаларында:
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының тізбесі» деген 1-бөлімде:
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті:
I, II, III дәрежелі «Мінсіз қызметі үшін».»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитеті:
1) I, II дәрежелі «Ішкі әскерлер қызметінің үздігі»;
«Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін кейбір мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің, құқық қорғау органдарының, соттардың, Қарулы Күштердің, басқа да әскерлер мен әскери құралымдардың ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградаларының сипаттамалары (бұдан әрі -Сипаттамалар)» деген 2-бөлімде:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің медальдары» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитетінің медалі»;
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлер комитетінің төсбелгілері» деген кіші бөлімнің тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Ішкі әскерлерінің Бас қолбасшылығы - Ішкі әскерлер комитетінің төсбелгілері».
7. Тармақ күшін жойды (ескертуді қараңыз)
7-тармақ күшін жойды ҚР Президентінің 17.04.2019 жылғы № 26 Жарлығына сәйкес (05.05.2017 ж. редакцияны қараңыз)
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2013 жылғы 6 мамырдағы
№ 561 Жарлығына
ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы
Президентінің
2000 жылғы 12 мамырдағы
№ 392 Жарлығына
3-ҚОСЫМША
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары офицерлік және басшы құрамының адамдары атқаруға тиіс лауазымдар
ТІЗБЕСІ
Ішкі істер министрі      - полиция генерал-полковнигі

      Министрдің бірінші       - полиция генерал-лейтенанты
      орынбасары

      Министрдің орынбасары    - полиция генерал-майоры

      Ішкі әскерлер Бас қолбасшысы       - генерал-лейтенант
      - Ішкі әскерлер комитетінің төрағасы

      Ішкі әскерлер Бас                  - генерал-майор
      қолбасшысының бірінші орынбасары
      - Бас штаб бастығы - Ішкі әскерлер
      комитеті төрағасының орынбасары

      Ішкі әскерлер Бас қолбасшысының    - генерал-майор
      орынбасары - Ішкі әскерлер комитеті
      төрағасының орынбасары
      (тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс,
      тыл мәселелерімен айналысатын
      орынбасарын қоспағанда)

      Ішкі әскерлер өңірлік қолбасшылық  - генерал-майор
      қолбасшысы

      Өңірлік қолбасшылық                - генерал-майор
      қолбасшысының бірінші
      орынбасары - штаб бастығы

      Қылмыстық-атқару жүйесі            - әділет генерал-майоры
      комитетінің төрағасы

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының - полиция генерал-майоры
      Терроризмге қарсы орталығындағы
      өкілетті өкіл

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының - полиция генерал-майоры
      аумағындағы Ұйымдасқан қылмысқа
      және қылмыстың өзге де қауіпті 
      түрлеріне қарсы күресті үйлестіру
      жөніндегі бюродағы өкілетті өкіл

      Алматы, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан,  - полиция генерал-майоры
      Қарағанды, Қостанай, Павлодар,
      Оңтүстік Қазақстан облыстарының,
      Астана және Алматы қалаларының 
      ішкі істер департаменттерінің 
      бастықтары

      Академия бастығы                  - полиция генерал-майоры
Полная версия
ИС BestProfi