БҰЙЫРАМЫН:
Внимание! Документ утратил силу с 31.07.2014
"Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2013 жылғы 23 шілдедегі № 356 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 08 тамызда № 8613 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2014 жылғы 5 қазаннан бастап ҚР Қаржы министрінің 31.07.2014 жылғы № 324 Бұйрығына сәйкес
Бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 30 желтоқсандағы № 644 (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 5489 болып тіркелген) бұйрығына өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органдардың бюджеттік есептілікті жасау және беру ережесінде:
41-тармақтың үшінші және төртінші абзацтары мынадай редакцияда жазылсын:
«кестенiң 4-бағанының сомалары кiрiстердiң 2-санаты бойынша сомадан (1,0 млрд. теңге), бұл – төмен тұрған бюджеттерге берiлген кредиттер бойынша сыйақылар (мүдделер) сомасы және кiрiстердiң 4-санаты бойынша (230,0 млрд. теңге = 70,0 млрд. теңге + 210,0 млрд. теңге – 50,0 млрд. теңге) сомадан, бұл бюджеттiк алымдар ретiнде жоғары тұрған бюджет алған трансферттердiң және жоғары тұрған бюджеттен субвенциялар, нысаналы ағымдағы трансферттер мен нысаналы даму трансферттері (жоғары тұрған бюджеттiң резервiнен алынған трансферттердi қоса алғанда) нысанында төмен тұрған бюджет алған трансферттердiң сомасынан Қазақстан Республикасы Ұлттық қорынан түскен трансферттер сомасын алып тастағандағы сомадан тұрады.
II «Шығындар» бөлiмi: кестенiң 4-бағанының сомасы төмен тұрған бюджетке жоғары тұрған бюджеттің берген трансферттерінің (90,0 млрд. теңге - субвенциялар, 80,0 млрд. теңге – нысаналы ағымдағы және нысаналы даму трансферттері), жоғары тұрған бюджетке төмен тұрған бюджеттен берiлген трансферттердiң (60,0 млрд. теңге - бюджеттiк алымдар) және үкiметтiк борышқа қызмет көрсету жөнiндегi шығындардың (1,0 млрд. теңге) сомасынан тұрады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Ведомство мемлекеттiк бюджеттiң атқарылуы туралы есептi қалыптастыру үшiн жауапты бюджеттi атқару жөнiндегi орталық уәкiлеттi органның құрылымдық бөлiмшесiне мыналарды:
«1) сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын есептемегендегi есептi айдағы республикалық бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы айлық есеп деректерi - сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын ескере отырып, есептiден кейiнгi айдың 3-інен кешiктiрмей бюджетті атқару жөніндегі уәкілетті органның ақпараттық жүйесі арқылы (бұдан әрі – АЖ) - есептiден кейiнгi айдың 10-ынан кешiктiрмей агрегирленген нысанда қағаз тасығышта, онда республикалық бюджеттiң атқарылуы туралы есептің бюджетке түсетiн түсiмдер кіретін бөлiмiнде бюджет түсiмдерi сыныптамасының түсiмдерiнiң санаттары мен сыныптары қамтылуы тиiс, ал есептiң бюджет шығыстары кіретін бөлiмдерiнде бюджет шығыстары сыныптамасының функционалдық топтары мен кiшi топтары қамтылуы тиiс.
Сыртқы қарыздар есебiнен есептi кезеңнiң соңғы айының кассалық операцияларын есепке алғанда есепті қаржы жылынан кейінгі келесі жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша республикалық бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы деректер Қазақстан Республикасы Үкіметінің республикалық бюджеттің атқарылуы туралы жылдық есебіне материалдарды талдау және дайындау үшін пайдаланылады.
2) есептi жылғы республикалық бюджет көрсеткiштерiнiң атқарылуы туралы, ведомствоның аумақтық бөлімшелерінің есептерінің және республикалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік есептілік деректерімен салыстырылған деректер - санаттар, сыныптар, кiшi сыныптар және бюджет түсiмдерi сыныптарының ерекшелiктерi, бюджеттiк бағдарламалар, бағдарламалар, кiшi бағдарламалар әкiмшiлерi және бюджет шығыстары сыныптамасының ерекшелiктерi бойынша бюджет түсiмдерiн және функционалдық топтар, функционалдық кiшi топтар бойынша бюджет шығыстарын көрсете отырып АЖ арқылы және қағаз тасығышта есептi қаржы жылынан кейiнгi жылдың 1 ақпанына дейiн ұсынады.»;
68-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«68. Мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуінен түсетін, олардың иелігінде қалатын ақша түсімдері мен шығыстары жоспарларының орындалуы туралы және демеушілік және қайырымдылық көмектен түсетін ақшаның түсімі мен жұмсалуы туралы есептерді:
1) ведомство – есепті деректерді агрегирленген нысанда қағаз тасығышта және ілеспе хатпен растай отырып, АЖ арқылы толық көлемде;
2) бюджеттi атқару жөнiндегi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi уәкiлеттi органдары - толық көлемде электрондық дерекқор түрінде ұсынады және бюджет шығыстарының экономикалық сыныптамасының ерекшеліктері бойынша деректерсіз қағаз түріндегі есептермен расталады.»;
69-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«69. Бюджеттi атқару жөнiндегi облыстардың, республикалық маңызы бар қаланың, астананың жергiлiктi уәкiлеттi органдары Қағаз түріндегі есептер тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) өткізуге байланысты және демеушілік және қайырымдылық көмек түрінде алынған ақшаның қозғалысына әсер ететін негізгі факторлар жазылған түсіндірме жазбасы бар ілеспе хатпен беріледі.»;
77-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«77. Осы Ережемен кредиторлық берешек туралы есеп берудiң мынадай нысандары белгiленедi:
Полная версия

