Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 26.03.2014
Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 849 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 01.03.2014 жылдан бастап ҚР Үкіметінің 26.03.2014 жылғы № 255 Қаулысына сәйкес
«Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидалары бекітілсін.
2. «Ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін қабылданатын ай сайынғы табысты белгілеу ережесін және Салымшылар өз қаражаты есебінен олардың пайдасына ерікті кәсіптік зейнетақы жарналарын жүзеге асыратын қызметкерлер кәсіптерінің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 15 мамырдағы № 452 қаулысының күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 849 қаулысымен
бекітілген
Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидалары
1. Осы Қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» 2013 жылғы 21 маусымдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына қызметкердің міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын ай сайынғы табысын айқындау тәртібін белгілейді.
2. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу үшін алынатын табысты қызметкердің бір айда есептелген табысының сомасына қарай есептейді.
3. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде қызметкердің ақшалай нысанда еңбекке ақы төлеу түрінде алатын мынадай табыстары: лауазымдық жалақылар (тарифтік мөлшерлемелер), қосымша ақылар, үстемеақылар, өтемақы төлемдері, сыйлықақылар ескеріледі.
4. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын есептеу кезінде төлемдердің мынадай түрлері ескерілмейді:
1) жұмыс режиміне және еңбек жағдайларына байланысты берілетін өтемақы төлемдері:
экологиялық апат немесе ядролық сынақ полигонында ядролық сынақтар салдарынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғау туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес төлемдер;
далалық жағдайларда кен-барлау, топографиялық-геодезиялық және іздестіру жұмыстарымен айналысатын қызметкерлерге Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде берілетін далалық үлес;
тұрақты жұмысы жол үстінде өтетін немесе жүріп-тұру сипатында болған жағдайларда не қызмет көрсететін учаскелер шегіндегі қызметтік жол жүрулерге байланысты, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мөлшерде төленетін төлемдер;
2) жұмыс берушінің қызметкерге пайдаланылмаған еңбек демалысы үшін төлейтін өтемақылары;
3) ұйым таратылған немесе жұмыс беруші қызметін тоқтатқан, қызметкерлердің саны немесе штаты қысқарған жағдайларда еңбек шарты бұзылған кезде төленетін өтемақылар есептелмейді.
5. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының салымшылары міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын өз қаражаты есебінен кәсіптері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған өндірістер, жұмыстар, қызметкерлердің кәсіптері тізбесінде көзделген қызметкерлердің пайдасына жүзеге асырады.
6. Міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының мөлшерлемесі қызметкердің осы Қағидаларға сәйкес есептелген ай сайынғы табысынан бес пайыз мөлшерде белгіленеді.
Полная версия
ИС BestProfi