«Жол жүрісі қауіпсіздігі туралы» 1996 жылғы 15 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
Внимание! Документ утратил силу с 27.06.2015
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 851 қаулысы
Осы Қаулы күшін жойды 2015 жылғы 27 маусымнан бастап ҚР Үкіметінің 18.06.2015 жылғы № 457 Қаулысына сәйкес
1. Қоса берiлiп отырған Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары бекітілсiн.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 851 қаулысымен бекітілген
Көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлерін мемлекеттік тіркеу және есепке алу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Көл i к құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарының жекелеген түрлер i н мемлекетт i к т i ркеу және есепке алу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі бойынша көлік құралдарын т i ркеудің және есепке алудың б i рыңғай тәрт i бін белгілейді.
2. Қағидалар халықаралық қозғалысқа қатысатын басқа мемлекеттің құзыретті органында тіркелген және Қазақстан Республикасына екі айдан аспайтын мерзімге әкелінген көлік құралдарына қолданылмайды.
3. Қарулы күштердің, Қазақстан Республикасының басқа әскерлері мен әскери құрылымдарының көлік құралдары қорғаныс істері жөніндегі уәкілетті орган белгілейтін тәртіппен тіркеледі.
4. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
1) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің дипломатиялық корпусымен жұмыс жөніндегі ұйым – Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық өкілдіктермен, халықаралық ұйымдармен және/немесе олардың өкілдіктерімен, консулдық мекемелермен және Қазақстан Республикасында аккредиттелген олардың қызметкерлерімен жұмыс жөніндегі Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің уәкілетті ұйымы;
2) көлік құралдарын және оларға тіркемелерді мемлекеттік тіркеу (бұдан әрі – көлік құралдары) – тіркеу құжаттарын және мемлекеттік тіркеу нөмірі белгілерін (бұдан әрі – МТНБ) бере отырып, көлік құралдарының жекелеген түрлерінің жалпы пайдаланудағы жолдар бойынша жол қозғалысына қатысуына рұқсат беруді жүзеге асыру мақсатындағы ішкі істер органдарының (бұдан әрі – ІІО) қызметі;
3) көлік құралын есептен шығару – меншік иесі мекенжайының өзгеруіне байланысты көлік құралының тіркелген жерін өзгертуге, меншік құқығының өзгеруіне байланысты иелену құқығын тоқтатуға, кейіннен мәміле жасауға, кәдеге жаратуға (жарамсыз деп белгілеуге, есептен шығаруға), иесінің өтініші бойынша жол қозғалысына қатысуға рұқсатты уақытша тоқтатуға, уақытша әкетуді қоспағанда, көлік құралын Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге әкетуге, көлік құралын меншік иесінің заңды иелігінен шығаруға (айдап әкету, ұрлау) бағытталған ІІО қызметі;
4) көлік құралдарын мемлекеттік тіркеудің бірыңғай ақпараттық жүйесі (бұдан әрі - БАЖ) – көлік құралдарының сәйкестендіру нөмірі міндетті түрде көрсетілген көлік құралдары және олардың иелері, сондай-ақ көлік құралдарын тіркеу туралы берілген куәліктер (бұдан әрі – КҚТК) және МТНБ туралы мәліметтерді орталықтандырылған есепке алуды қамтамасыз ететін мемлекеттік ақпараттық жүйе;
5) көлік құралдарын тіркеудегі өзгерістер – азаматтық заңнамада белгіленген құқықтық негіздер болған кезде БАЖ (есептік мәліметтер) және МТНБ-ге өзгерістер мен толықтырулар енгізу;
6) көлік құралының сәйкестендіру нөмірі – БАЖ-да көлік құралын сәйкестендіруді жүргізуге мүмкіндік беретін, көлік құралын шығарушы берген, тізбектелген әріптік-цифрлық белгілер түрінде көрсетілген көлік құралының жеке сериялық нөмірі;
7) көлік құралының иесі – азаматтық заңнамаға сәйкес көлік құралының меншік иесі, сондай-ақ көлік құралын шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқару құқығында иеленетін адам;
8) КҚТК – өзгерістер БАЖ арқылы ғана енгізілетін жол қозғалысына қатысуға рұқсатты растайтын құжат;
Полная версия