«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің мәселелері туралы ережесінің 15-тармағының 16) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
Внимание! Документ утратил силу с 28.08.2017
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 365 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2013 жылы 25 шілдеде № 8576 тіркелді
Осы Бұйрық күшін жойды 2017 жылғы 28 тамыздан бастап ҚР Денсаулық сақтау министрінің 03.07.2017 жылғы № 450 Бұйрығына сәйкес
1. Қоса беріліп отырған:
«Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру» стандарты бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Стратегиялық даму департаменті (М.Е. Шоранов):
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден кейін оны Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Заң қызметі департаменті (Д.Е. Асайынова) мемлекеттік тіркелгеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау вице-министрі Е.Ә. Байжүнісовке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Қайырбекова
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2013 жылғы 26 маусымдағы № 365 бұйрығымен бекітілген
Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмекті көрсетуді ұйымдастыру стандарты
1. Жалпы ережелер
1. Қазақстан Республикасында жедел медициналық көмекті және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1117 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі туралы ереженің 15-тармағының 16) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету ұйымдары қызметінің негізгі бағыттары, жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанындағы медициналық көмек көрсету шарттары мен тәртібіне қойылатын негізгі талаптар «Жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында медициналық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 5 желтоқсандағы № 1463 қаулысымен айқындалған.
3. Осы Стандарт жедел медициналық көмек және санитариялық авиация қызметтерін көрсететін ұйымдардың құрылымы мен жедел медициналық көмек және санитариялық авиация нысанында жедел медициналық көмек көрсету тәртібін, жедел медициналық көмек және санитариялық авиация мамандарының қажетті кәсіптік білім деңгейін айқындайды.
4. Жедел медициналық көмек (бұдан әрі – ЖМК) азаматтарға шұғыл медициналық араласуды талап ететін жай-күй кезінде көрсетіледі және аумағына, ведомстволық бағыныстылығына және жеке меншік нысанына қарамастан медицина қызметкерлері жүзеге асырады.
5. Санитариялық авиация нысанында медициналық көмек (бұдан әрі – СА) Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға санитариялық авиация ұтқыр бригадалары шұғыл, білікті, мамандандырылған, жоғары мамандандырылған және консультациялық-диагностикалық медициналық көмек көрсету түрінде көрсетіледі.
6. Шұғыл медициналық көмек көрсету үшін стационарға жеткізуді талап ететін жай-күйге Қағидалармен бекітілген шақырулардың жеделдігі санатының тізбесіне сәйкес шақыру себептері жатады.
Полная версия