Близость слов: Окончание:





Внимание! Документ утратил силу с 18.09.2023
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидаларын бекіту туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 26 тамыздағы № 852 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.11.2020 жылғы № 789 Қаулысына сәйкес (12.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Қаулы 2023 жылғы 18 қыркүйектен бастап күшін жойды ҚР Үкіметінің 01.09.2023 жылғы № 758 Қаулысына сәйкес
Редакция 01.01.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары бекітілсін.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.11.2020 жылғы № 789 Қаулысына сәйкес (12.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, Қазақстан Республикасының Президентіне бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдар (келісім бойынша) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2013 жылғы 26 тамыздағы
№ 852 қаулысымен
бекітілген
Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары
Осы Қағидалардың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.11.2020 жылғы № 789 Қаулысына сәйкес (12.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1-тараудың тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 12.03.2020 жылғы № 109 Бұйрығына сәйкес (23.07.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 23.03.2020 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1. Осы Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» 2013 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 25-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасы азаматының паспортын, Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігін, шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруына ықтиярхатты, азаматтығы жоқ адамның куәлігін, босқын куәлігін және жол жүру құжатын (бұдан әрі – жеке басты куәландыратын құжат) ресімдеу, беру, ауыстыру, тапсыру, алып қою және жою тәртібін айқындайды.
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.11.2020 жылғы № 789 Қаулысына сәйкес (12.03.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.01.2021 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
1) азаматтығы жоқ адамның куәлігі – өзінің қандай да бір мемлекеттің азаматтығына тиесілігіне дәлелдемесі жоқ жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат;
2) босқын куәлігі – босқынның жеке басын куәландыратын және мәртебесін растайтын құжат;
3) жеке басты куәландыратын құжат – жеке басты сәйкестендіру мақсатында оның иесінің жеке басын және құқықтық мәртебесін анықтауға мүмкіндік беретін, жеке тұлғаның дербес деректері туралы тіркелген ақпараты бар, материалдық жеткізгіште не осы Заңда айқындалған жағдайларда электрондық нысанда берілетін белгіленген үлгідегі құжат;
3-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 10.10.2022 жылғы № 806 Қаулысына сәйкес (04.10.2021 ж. редакцияны қараңыз) (өзгерту 24.10.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
4) Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі – азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
5) Қазақстан Республикасы азаматының паспорты – Қазақстан Республикасының аумағында және одан тыс жерлерде азаматтың жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасының азаматтығын растайтын құжат;
6) қайтып оралуға арналған куәлік – иесінің жеке басын куәландыратын және Қазақстан Республикасына бір реттік келу құқығын растайтын құжат;
7) туу туралы куәлік – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын, оның туу фактісінің мемлекеттік тіркелгені туралы айғақтайтын құжат;
Полная версия
ИС BestProfi