«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 51-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысы
Осы Қаулының тақырыбы жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.07.2025 жылғы № 545 Қаулысына сәйкес (14.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Редакция 03.08.2025 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
1. Қоса беріліп отырған Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары бекiтiлсiн.
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
1) «Әскери қызметшi (әскери мiндеттi) қаза тапқан (қайтыс болған), мүгедектігі анықталған немесе ол жарақат алған жағдайда бiржолғы өтемақы төлеу ережесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 18 наурыздағы № 262 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 12, 131-құжат);
2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 31 тамыздағы № 912 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін толықтырулар мен өзгерістердің 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 31, 430-құжат).
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі С.Ахметов
Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2013 жылғы 27 тамыздағы № 868 қаулысымен бекiтiлген
Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары
Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 16.10.2014 жылғы № 1098 Қаулысымен (27.08.2013 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 30.10.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 28.11.2014 жылғы № 1253 Қаулысымен (20.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 11.12.2014 жылғы № 243(28466) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 20.11.2014 жылғы № 1215 Қаулысымен (16.10.2014 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 02.04.2015 жылғы № 173 Қаулысымен (28.11.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 16.04.2015 № 69(28547) жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 08.08.2018 жылғы № 483 Қаулысымен (02.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізілуі тиіс) 10.08.2018 жылы "ҚР НҚА электрондық түрдегі эталондық бақылау банкі" ақпараттық жүйесінде жарияланды Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 21.10.2020 жылғы № 686 Қаулысымен (08.08.2018 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 05.11.2020 жылдан бастап) Қағидалар өзгертілді ҚР Үкіметінің 23.10.2020 жылғы № 701 Қаулысымен (21.10.2020 ж. редакцияны қараңыз) Қағидалар жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 25.06.2022 жылғы № 433 Қаулысына сәйкес (23.10.2020 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 30.06.2022 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
Осы Әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервте әскери қызмет өткеріп жүрген әскери қызметші немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 51-бабына сәйкес әзірленді және әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам немесе әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті қаза тапқан (қайтыс болған) жағдайда, оған мүгедектік белгіленген кезде немесе ол әскери қызмет міндеттерін орындауға байланысты мертіккен жағдайда біржолғы өтемақы төлеу тәртібін айқындайды.
Кіріспе жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.07.2025 жылғы № 545 Қаулысына сәйкес (14.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Әскери қызметшiге, резервтегі әскери адамға, әскери жиындарға шақырылған әскери мiндеттiге (бұдан әрі – әскери міндетті) немесе оны алуға құқығы бар адамдарға бiржолғы ақшалай өтемақы (бұдан әрі – өтемақы) төлеу:
1-тармақ жаңа редакцияда жазылды ҚР Үкіметінің 19.07.2025 жылғы № 545 Қаулысына сәйкес (14.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) әскери қызметін өткеру кезеңінде әскери қызметші, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде резервтегі әскери адам, әскери жиындарға шақырылған әскери міндетті не әскери қызметтен шығарылғаннан, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталғаннан, әскери жиындар аяқталғаннан кейін әскери қызмет өткеру кезеңінде, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған, әскери жиындардан өту кезеңінде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан қаза тапқан (қайтыс болған);
2) әскери қызметшіге әскери қызметін өткеру кезеңінде, резервтегі әскери адамға жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған кезеңдерде, әскери міндеттіге әскери жиындарда болған кезеңде немесе әскери қызмет өткеру, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтарда немесе жиындарда, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындарда болған, әскери жиындар аяқталған кезеңде мертігу (жаралану, жарақаттану, контузия алу), науқастану салдарынан әскери қызметтен шығарылған, жауынгерлік даярлық бойынша сабақтар немесе жиындар, дағдарыстық ахуалдар кезіндегі жиындар аяқталған, әскери жиындар аяқталған күннен бастап бір жыл өткенге дейін мүгедектік белгіленген;
3) әскери қызметші, резервтегі әскери адам әскери қызмет міндеттерін орындау кезінде немесе әскери міндетті әскери жиындарда мүгедектiкке әкеп соқтырмаған ауыр мертіккен (жараланған, жарақаттанған, контузия алған) немесе жеңіл мертіккен жағдайларда жүргізіледі.
2. Әскери қызметшіге, резервтегі әскери адамға, әскери міндеттіге немесе оны алуға құқығы бар адамға өтемақы төлеуді тиісті уәкілетті мемлекеттік органдар:
2-тармақ өзгертілді ҚР Үкіметінің 19.07.2025 жылғы № 545 Қаулысымен (14.10.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту 02.08.2025 жылдан бастап қолданысқа енгізіледі)
1) Қарулы Күштерде әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі;
2) Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланында, әскери-тергеу органдарында әскери қызметте тұратын немесе әскери қызмет өткерген әскери қызметшілерге – Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі;
Полная версия

