Близость слов: Окончание:





Қазақстан Республикасындағы көлiк туралы
Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 21 қыркүйектегі № 156-XIII Заңы
Редакция 01.07.2023 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Осы Заң Қазақстан Республикасы көлiгiнiң құқықтық экономикалық және ұйымдық қызметiнiң негiздерiн айқындайды.
1-бап. Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар
1-бап өзгертілді ҚР 28.12.1998 жылғы № 338-I Заңына сәйкес
1-бап өзгертілді ҚР 29.12.2006  жылғы № 209 Заңымен (07.07.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 17.07.2009 жылғы № 188-IV Заңымен (29.12.2006 ж. редакцияны қараңыз)
1-бап өзгертілді ҚР 04.07.2013 жылғы № 132-V Заңымен (03.07.2013 ж. редакцияны караңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он)  күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) 11.07.2013 жылғы "Егемен Қазақстан" Республикалық газетінде жарияланды
Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) жеңіл рельстi көлiк – жеке бөлінген жолдар бойынша жолаушыларды және багажды әлеуметтік маңызы бар тұрақты тасымалдауды жүзеге асыратын және метрополитен мен темір жолға қарағанда габариттерінің, жүк көтергіштігінің және қатынас жылдамдығының аздығымен сипатталатын қалалық рельстік көлік түрі;
1-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (27.04.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-1) жолаушыларды әлеуметтiк маңызы бар тасымалдау – тарифтердiң қолжетiмдi деңгейiн және Қазақстан Республикасының аумағы бойынша халықтың еркiн жүрiп-тұру мүмкiндiгiн қамтамасыз ету мақсатында ұйымдастырылатын жолаушыларды тасымалдау;
1-бап 1-1-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 364-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-2) аралас тасымал – бірыңғай тауар-көлік жүкқұжатымен (бірыңғай коносаментпен) көліктің екі немесе одан да көп түрімен тасымалдау;
1-бап 1-2-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-3) аралас тасымалдар кезіндегі өзара іс-қимыл шарты – аралас тасымалдар операторы мен әртүрлі көлік түрлерімен тасымалдаушылар арасында жасалған шарт;
1-бап 1-3-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-4) аралас тасымалдар операторы – аралас тасымалды ұйымдастыруды жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға;
1-бап 1-4-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-5) аралас тасымалдар шарты – аралас тасымалды жүзеге асыру үшін аралас тасымалдар операторы мен клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) арасында жасалған шарт;
1-бап 1-5-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-6) тармақша алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-бап 1-6-тармақшамен толықтырылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-6-тармақша алынып тасталды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңымен (10.05.2017 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-7) əскери жолаушылар – əскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ тиісті мемлекеттік органның бірінші басшысының тізбесімен айқындалған адамдар;
1-бап 1-7-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-8) əскери жүктер – уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен тасымалданатын қару-жарақтың, əскери техниканың, оқ-дəрінің жəне басқа да материалдық-техникалық мүліктің барлық түрі;
1-бап 1-8-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-9) əскери тариф – əскери жүктерді республикаішілік тасымалдауға қолданылатын, Қазақстан Республикасының заңнамасына сəйкес бекітілетін тариф;
1-бап 1-9-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-10) əскери тасымалдар – уəкілетті мемлекеттік орган айқындайтын тəртіппен меншік нысандарына қарамастан тасымалдаушылар орындайтын, əскерлерді, əскери жүктерді жəне əскери жолаушыларды тасымалдау;
1-бап 1-10-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
1-11) бірыңғай тауар-көлік жүкқұжаты (бірыңғай коносамент) – жүкті межелі пунктке дейін жеткізу үшін аралас тасымалдар операторының жүкті өз иелігіне қабылдағанын куəландыратын құжат;
1-бап 1-11-тармақшамен толықтырылды ҚР 13.06.2017 жылғы № 69-VІ Заңына сәйкес (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 15.06.2017 жылы № 113 (28492) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
2) клиент (жүк жөнелтушi, жүк алушы, жолаушы, кемемен жалданушы) – тасымалдаушымен жасалған шартқа сәйкес, ал аралас тасымалдар кезінде жасалған аралас тасымалдар шартына сәйкес көлiктi пайдаланатын жеке немесе заңды тұлға;
2-тармақша жаңа редакцияда жазылды ҚР 27.10.2015 жылғы № 363-V Заңына сәйкес (10.01.2015 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 10 (он) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 29.10.2015 жылы № 207 (28685) „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3) көлік инфрақұрылымы объектілері теміржол, трамвай, жеңілрельс, монорельс және ішкі су жолдарын, автомобиль жолдарын, тоннельдерді, эстакадаларды, көпірлерді, вокзалдар мен станцияларды, жолаушыларға қызмет көрсету пункттерін, метрополитен желілерін, порттарды, порттағы құралдарды, кеме қатынайтын гидротехникалық құрылыстарды (шлюздерді), әуеайлақтарды, әуежайларды, көлік-логистика орталықтарын, байланыс, навигация және көлік құралдарының жүрісін басқару жүйелерінің объектілерін, магистральдық құбыржолдарды, сондай-ақ көлік кешенінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін өзге де ғимараттарды, құрылыстарды, құрылғылар мен жабдықтарды қамтитын технологиялық кешен;
3-тармақша өзгертілді ҚР 10.11.2014 жылғы № 249-V Заңымен (29.09.2014 ж. редакцияны қараңыз) (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік 90 (тоқсан) күн өткен соң қолданысқа енгізілуі тиіс) 13.11.2014 жылы „Егемен Қазақстан„ Республикалық газетінде жарияланды
3-тармақша өзгертілді ҚР 29.12.2022 жылғы № 174-VII Заңымен (27.06.2022 ж. редакцияны қараңыз)(өзгерту қолданысқа енгізіледі 01.03.2023 жылдан бастап)
Полная версия
ИС BestProfi