Близость слов: Окончание:





Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институтын тарату туралы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 6 сәуірдегі N 454 қаулысы       
Редакция 09.02.2005 жылы берілген өзгерістер мен толықтырулармен
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:  
1. Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитетінің "Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) таратылсын.  
2. Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен Кәсіпорынды таратуды жүзеге асырсын. 
3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер бекітілсін. 
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің
 2001 жылғы 6 сәуірдегі
 N 454 қаулысымен бекітілген
Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер
1.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
1-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.03.2004
№ 291 қаулысымен. (06.04.2001 жылғы редакцияны қараңыз)
2.   Алынып тасталды (ескертуді қараңыз)
2-тармақтың күшін жойды ҚР Үкіметінің 09.02.2005
№ 124 қаулысымен. (09.03.2004 жылғы редакцияны қараңыз)
3. "Қазақстан Республикасы Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігінің Орман, балық және аңшылық шаруашылығы комитеті мен оның қарауындағы жекелеген ұйымдардың мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 10 ақпандағы N 198  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 5-6, 74-құжат):  
"Қазақ орман шаруашылығы басшы қызметкерлері мен мамандарының біліктілігін арттыру институты" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны" деген жол алынып тасталсын.  
4. "2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 17 маусымдағы N 912  қаулысына  (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 2000 ж., N 27, 312-құжат): 
көрсетілген қаулымен бекітілген 2000-2001 жылдары жекешелендіруге жататын республикалық мемлекеттік кәсіпорындар мен мекемелердің тізбесінде: 
"Қазақстан Республикасының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігі" бөлімі және 35-жол алынып тасталсын.
Полная версия
ИС BestProfi